Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жіппен байлап, мал қораға қамап тастаған: БҚО тұрғыны 4 жастағы "баласын" аяусыз жазалаған

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 4 жастағы баласын жіппен матап, мал қораға қамап тастаған. Бірнеше сағат аш отырған балаға ауылдастары араша болған. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ұру

Жаға ұстатарлық бұл оқиға кеше Казталов ауданында болған. Бала қазір ауруханада. Оған не үшін мұндай қорлық көрсеткені әзірге белгісіз.

"Баланың өгей әкесі қолы мен аяғын байлап қойған сарайға. Үйде болып жатқан жағдайды баланың анасы барып балабақша тәрбиеленушілеріне айтады. Біздің мамандардың дерегі бойынша, баланы байлап қоюға мәжбүрлеген күйеуінің жеңгесі көрінеді", - деді Қазталов аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева.

Қазір аудандық ішкі істер және білім беру бөлімінің мамандарынан комиссия құрылды. Олар мән-жайды анықтамақ.  Полиция бүлдіршінді азаптауға қатысы бар адамдарды тергеуге алып, қылмыстық іс қозғапты. Өгей әкенің кішкентай бүлдіршінге тиісуіне не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.

"1991 жылы туған ер адамның өгей ұлын 10 маусым күні таңертеңгі сағат 8-ден түскі 11-ге дейін сарайда қамап ұстағаны анықталды. Осы оқиға бойынша Казталов аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деді БҚО ПД баспасөз бөлімінің қызметкері Әлия Наурызғалиева.

Аудандық білім беру бөлімінің өкілдері 4 жастағы баласына зәбір көрсеткен өгей әкенің ақыл-есінде ауытқушылық бар екені айтты. Оның жүйке ауруына шалдығып, арнайы есепте тұрғанын растады.

Қазір бала ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Бірақ өзіне зәбір көрсеткендерге барудан үзілді-кесілді бас тартыпты.

Жалпы, ел ішіндегі дағдарыс орталықтарының дерегінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел көз жұмса, отбасындағы әрбір екінші бала өз ата-анасынан жәбір көреді екен.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр