Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сексуалды құлдықта ұстаған: "Қорғас" аумағында заңсыз притондар мен казинолар жұмыс істеген

Полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығындағы притондар мен жасырын казинолардың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғас аумағындағы қонақ үй кешенінде притондар жұмыс істеген.

""Қорғас "ХШЫО" АҚ аумағындағы сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенінің астында жұмыс істеген притондар мен жерасты казиноларының қызметі тоқтатылды. Әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеген, оған адамдарды күзетпен, қатаң фейс-бақылаумен кіргізіп, негізінен шетелдік азаматтарды қабылдаған. Қылмыстық "бизнес" Қазақстан азаматтарын сексуалды құлдыққа тартқан", – делінген хабарламада.

Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жетісу облысы ҰҚКД 5-ші басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісім бойынша бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады.

"Сондай-ақ 18 бен 36 жас аралығындағы 21 адам жеткізілді, оның ішінде алтауы – шетелдік. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеуді Жетісу облысының полиция департаменті жүргізеді", –деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Талқылау