Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір мезетте қаражат жинап, өміріңізді оқыс оқиғалардан қалай сақтауға болады?

Елдің экономикалық жағдайы үнемі ауытқып, баға үздіксіз өскен кезде ақша жинау қиындай түседі. Оған қоса, кез келген адам жасы мен өмір сүру салты, әлеуметтік статусына қарамастан, күн сайын түрлі қатерлерге тап болуы мүмкін екенін ескерсек, қаржылық жағдайымызды ғана емес, өміріміз бен денсаулығымыз жайлы да алаңдауға тура келеді. Бұл тұрғыда депозит пен полис қызметін біріктіретін жинақтаушы өмірді сақтандырудың көмегі тиері анық. Бүгінгі материалымызда осы өнім толығырақ және оны ең тиімді жолмен қайдан рәсімдеуге болатыны жайлы айтып бермекпіз. 

фридом Сақтықта қорлық жоқ

Жинақтаушы өмірді сақтандыру – бір мезгілде ертеңгі күнге қаражат жинақтау және өз денсаулығыңызды күтпеген жағдайлардан сақтандыру мүмкіндігін беретін қаржы өнімі. Яғни сақтандырудың бұл түрін рәсімдеген адам өмірін тосын жағдайлардан сақтандырып, сонымен бірге қаражатын еселей алады. 

Бұл өнім сақтандыру түрлерінің ішіндегі ең бірегейі деп айтуға болады. Себебі жинақтаушы өмірді сақтандыру ұйымға аударылған соманы еселенген күйде қайтарып алу мүмкіндігін береді. 

АҚШ пен Еуропа елдерінде жинақтаушы өмірді сақтандыру – жеке куәлік немесе жүргізуші куәлігі сынды маңызды дүниелердің бірі. Тіпті кейбір еуропалықтар мұндай сақтандырудың бірнеше түрін рәсімдеп, қартайған шағында зейнетақыларының үстінен тағы қосымша табыс көреді. Ал сақтандыру жағдайы орын алған кезде өтемақыға ие болады. 

Осы орайда Freedom Finance Life ұсынатын Freedom First өнімін атап өткен жөн. Аталған сақтандыру бойынша келісімшартты 2 жылдан 5 жылға дейін ffin.life сайтының көмегімен онлайн түрде рәсімдеу қарастырылған. Келісімшартты онлайн рәсімдеген кезде жеке кабинетте өтініш толтырып, сол жерде аударым жасау жеткілікті. Ал бұл қаражаттан сақтандыру кезеңінің соңында төленуі қажет жинақ сомасы есептеледі. Сонымен қатар ыңғайлы уақытта қосымша төлемді онлайн жасау мүмкіндігі бар, өз кезегінде мұндай аударымдар жинақ сомасының артуына сеп болады.  

Бір айта кетерлігі, аталмыш сақтандыру түрі арқылы әсіресе доллармен қаражат жинау тиімді: Freedom First өнімінде кез келген валюта бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме – 2,76%- ға жетеді. Ал бұл басқа депозиттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары (әдетте, долларлық салымдарда ЖТСМ тек 1%-ға тең). 

Бұл бағдарламаның тағы бір артықшылығы – екінші жылдан бастап жинақ сомасының 90%-ына дейінгі бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігінің болуы. Ол үшін жеке кабинет арқылы өтініш жіберу қажет болады. Жинақтардың бір бөлігін келісімшарт мерзімі аяқталған екі рет алуға рұқсат етіледі. 

Жинақтаушы сақтандырудың және қарапайым сақтандырудан қандай айырмашылығы бар?

Қарапайым (мерзімді) сақтандыруды рәсімдеген азаматқа компания өтемақыны ол жарақат алған немесе қайтыс болған жағдайда ғана төлейді. Сәйкесінше шартта көрсетілген мерзім аралығында сақтандыру жағдайы орын алмаса, ұйым клиентке қаражатын қайтармайды. Бұған қоса сақтандырудың бұл түрі бойынша төленетін өтемақының мөлшері жинақтаушы сақтандыруға қарағанда он есе төмен болуы мүмкін. 

Жинақтаушы өмірді сақтандыру рәсімдеген азамат кепілді түрде мерзім аяқталған соң барлық сомаға қол жеткізеді. Әдетте өтемақы мөлшері келісімшартта анық көрсетіледі. Сонымен қатар сақтандыруды рәсімдеушіге жинақталған қаражаттың үстіне депозиттегідей пайыздық үстемақы қоса беріледі. 

Жинақтаушы өмірді сақтандыру не үшін қажет? 

Жинақтаушы өмірді сақтандырудың ең басты артықшылығы оны рәсімдеген азамат “бір оқпен екі қоянды өлтіреді”: белгілі бір мерзім аралығында қаражат жинап және оны еселеп, осы уақыт аралығында өз өмірін сақтандыра алады. 

Әлемдік тәжірибеде адамдар мұндай сақтандыруды мына мақсаттар үшін рәсімдейді: 

  • жоғары білім алуға қаражат жинау үшін; 
  • белгілі бір күнге дейін қаражатты жұмсамай сақтау үшін;
  • зейнет жасына жеткенде зейнетақыдан бөлек қосымша кіріс көзіне ие болу үшін; 
  • тосын жағдайлардан сақтану үшін; 
  • балалардың болашағы үшін.

Сақтансаң сақтайды: Қапшағайлық бойжеткеннің оқиғасы

24 жастағы Қапшағай тұрғыны Ақжан Ахет 2019 жылы Freedom Finance Life ұйымынан жинақтаушы өмірді сақтандыруды рәсімдейді. Алғашқыда сақтандыру өнімдеріне күмәнмен қарағанын жасырмаған ол артынша бұл шешімінің пайдасын көреді. 

“Анамның кеңесімен Freedom Finance Life-тен сақтандыру рәсімдеуге бел будым. Жаман нәрселер ойламауға тырысатынмен, бірақ бір күні жұмыстан қайтып келе жатқанымда оқыс оқиғадан аяғымды сындырып алдым. Дәрігерлер тобығымның екі жерден сынғанын анықтады. Ота жасап, ауруханада емделуге мәжбүр болдым”, – деп еске алды бойжеткен. 

Дегенмен Ақжан сақтандырудың арқасында екі рет өтемақы алып, артынша толық жиналған соманы иеленген. Сөзінше, бұл қаражат оған көп көмек болыпты.

“Алғашқы рет өтемақы ауруханаға түскенде төленсе, екінші рет үйде жатқанымда берілді. Оның үстіне бұл уақыт карантинмен тұспа-тұс келіп, мен жұмысымнан айырылып қалдым. Осы орайда сақтандыру арқылы жиналған қаражат көп көмегін тигізді. Сол сәттен бастап мен жинақтаушы өмірді сақтандырудың маңызын түсіндім. Бірінші жасаған келісімшарт аяқталған соң, көп ұзамай тағы бір сақтандыру рәсімдеуді ұйғардым”, – дейді Ақжан. 

Жинақтаушы сақтандыру төлемі қалай жүзеге асырылады?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл қаржы өнімі екі түрлі –  салым және сақтандыру қызметін атқарады. Мәселен, сіз 5 жылға осындай Freedom First полисін рәсімдедіңіз делік. Осылайша келісімшарт бойынша сіз жылына сақтандыру ұйымына 200 000 теңге (айына шамамен 16500 теңге) жарна жасауыңыз керек. 

– Егер жазатайым жағдай орын алған жағдайда (сақтандыруды рәсімдеуші оқыс оқиғаға ұшырағанда немесе қайтыс болғанда) компания клиентке немесе оның туыстарына келісімшарттағы соманы төлейді (біздің мысал бойынша бұл сома 1 000 000 теңге). Бұл жағдайда азаматтың қанша төлем жасағаны маңызды емес: сақтандыру төлемі сақтандыру сомасынан, нақты аударылған жарналардан, бір реттік қаржылай көмек және сақтандыру сыйлықақыларынан тұрады.

– Егер сақтандыруда көрсетілген жағдай болмаса, келісімшарт аяқталған соң клиент кепілдендірілген сақтандыру сомасын (біздің мысал бойынша 1 000 000 теңге) және жинақталған үстеме пайызға ие болады. 

Жинақтаушы сақтандырудың басқа қандай артықшылықтары бар? 

  • мұрагерлік рәсімдеудің жеңілдігі. Сақтандыру жағдайы болған жағдайда мұрагер жинақталған қаражатқа жеке басын растағаннан кейін бірден оңтайландырылған тәртіппен алады. Сақтандыруды рәсімдеуші мұрагерді өзі таңдайды; 
  • сақтандырудың сенімді қорғалғаны. Сақтандырудың көмегімен жинақталған қаражатты үшінші тұлғалар, атап айтсақ, азаматтың бұрынғы кеткен жары, өзі таңдамаған мұрагерлер, несие беруші немесе мемлекет талап ете алмайды. Қаражат сақтандыру ұйымының активтерінен бөлек, бөлек шотта ғана сақталады және оны тек меншік иесі басқара алады. 
  • жеңілдетілген салық. Азаматтың қаржысы сақтандыру полисі ретінде сақталғандықтан, оған табыс салығы салынбайды. Ал келісім аяқталған кезде салық жеңілдетілген формула бойынша есептеледі. 

Сақтандыру бойынша төлемдердің қайтарылуына кім кепілдік береді? 

Қазақстан Ұлттық Банкі Халықаралық сақтандыру қадағалаушылары қауымдастығының (IAIS) мүшесі екені белгілі. Бұл Ұлттық банктің сақтандыру компанияларының қызметін жіті қадағалап отыр дегенді білдіреді. Заң бойынша әрбір сақтандыру компаниясы өз тәуекелдеріне байланысты басқа сақтандыру компаниясына, көбіне халықаралық рейтингі жоғары шетелдік сақтандыру компаниясына арқа сүйеуге міндетті. Яғни бір сақтандыру ұйымы қаражаттарын тәуекелдерден қорғауда екінші сақтандыру ұйымының көмегіне жүгінеді. Осылайша, мерзімді және жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру сомасы оны рәсімдеген әрбір азаматқа кепілді түрде төленеді. 

Жаман айтпай, жақсы жоқ

Егер сақтандыру рәсімдеген азамат оқыс оқиғаның салдарынан қайтыс болса, оның мұрагерлері оның қанша жарна енгізгеніне қарамастан, 30 күн ішінде сақтандыру сомасын толығымен иеленеді. Егер сақтандыруды рәсімдеуші жазатайым оқиғадан зардап шексе, төлемі соңғы сомадан пайызбен қайта есептеледі. Яғни қолыңызды сындырып алсаңыз, өмірді сақтандыру шарты бойынша өтемақыға ие боласыз, бірақ бұл сома келісімшарт мерзімі аяқталғанда алатын қаражаттан азырақ болады.

Сонымен, жинақтаушы сақтандыру бір мезетте өмірін мен денсаулығын сақтандырып әрі ертеңгі күнге қаражат жинауды шешкен азаматтар үшін таптырмас қаржы құралы болады алады. Сақтандырудың мұндай түрі маңызды оқиға үшін (жоғары білім алуға, жылжымайтын мүлік немесе көлік сатып алуға) қаржы жинауға немесе зейнетке шыққанда қосымша кіріс көзіне ие болуға көмектеседі, сонымен қатар отбасыны жазатайым оқиғалардан сақтайды. 

Талқылау