Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зейнетақы жинағын белгілі бір төлем төлеп алуға болады": БЖЗҚ қазақстандықтарға ескерту жасады

Әлеуметтік желіде және онлайн жарнама платформаларында кез келген санаттағы азаматтар үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен ең төменгі жеткілікті шегінен жоғары зейнетақы жинақтарын алу туралы делдалдық қызметтерді көрсету ұсыныстары көбейген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Facebook.com/enpf.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға Әлеуметтік кодексте белгіленген жағдайларда ғана зейнетақы жинақтарын алуға болатынын ескертті:

  • Азамат зейнет жасына жеткенде;
  • 1 немесе 2 топтағы тұрақты мүгедектігі болса;
  • Тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, яғни шетелге көшіп кеткенде;
  • Мұрагерлік.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе заңмен белгіленген шарттарды ескере отырып емдеуге пайдалана алады: 

  • Ең төменгі жеткілікті шегінен асатын жинағы бар салымшылар (ең төменгі жеткілікті шегінен жоғары сома шегінде);
  • Зейнетақысы жойылған табыстың (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40%-ы болатын зейнеткерлер. Олар шотта қалған жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады;
  • Еңбек сіңірген жылдарына қарай зейнеткерлер (жинақтарының 100 пайызына дейін пайдалана алады);
  • Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинақтарының 100 пайызына дейін пайдалана алады).

Қор зейнетақы жинақтарын тек уәкілетті операторлар, яғни екінші деңгейлі банктер арқылы ғана тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалануға болатынын ескертті. Тиісінше, делдалдардың қызметтері талап етілмейді. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай комиссия алмайды. 



“Күмәнді ұсыныстарға келіссеңіз, ақшаңызды жоғалтып қана қоймай, кейінірек басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңізге де қауіп төндіресіз”, – делінген хабарламада.

БЖЗҚ өзінің салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, ресми дереккөздерден ақпарат алуға және тек заң шеңберінде әрекет етуге кеңес берді.

Бұған дейін БЖЗҚ қазақстандықтарға алаяқтардан сақ болуды ескерткен еді. 

Талқылау