Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртауға" 1 миллион теңге айыппұл салынды

"АрселорМиттал Теміртаудың" жылу орталығында тозығы жеткен жабдықтар ауыстырылмаған. Кәсіпорын басшылығы оларды тек тазалап, жөндеумен ғана шектеліп келген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау департаменті мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау департаменті 2023-2024 күзгі-қысқы кезеңде энергия кәсіпорындарының жұмысқа дайындығы паспорттарын беру аяқталғанын мәлімдеді.

"Бүгінгі күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-ге дайындық актісін беруден бас тартылды. Қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының кестесі бұзылған. Сонымен қатар, №1 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстарының сметасында тот баспайтын болаттан жасалған таза газ құбырын орнату қарастырылған. Бұл ретте "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 "қара" металды пайдалану туралы шешім қабылданды, сондай-ақ сметада жаңа құйындылар мен бұрағыштарды (эмульгаторлардың негізгі элементі) орнату көзделген", – делінген хабарламада.

Ведомство мәлімдегендей, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 16 жылдан астам жұмыс істеп тұрған және ақаулары бар қолданыстағы қондырғыларды пайдалануын жалғастыра берген.

Бұдан бөлек, сметада №5 қазандықты жөндеу және коллекторларды толығымен ауыстыруы тиіс болған. Алайда, кәсіпорын басшылығы мұны орындамаған, тек тазалау және жөндеумен шектелген.

"Қазандықтан түтін құбырына дейін газ құбырын жылу оқшаулау бойынша жұмыстар аяқталған жоқ, сондай-ақ қазандық цехының шатырын жөндеу жұмыстары бітпеген. Ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде "АМТ" тарапынан статор орамасын ауыстыру үшін өнім берушімен шарт жасасу рәсімдерінің ұзақтығына байланысты №3 турбогенератордың (резервсіз) жұмысқа енгізілмеу қаупі жоғары”,  – деп мәлімдеді ведомство.

Кемшіліктерді орындамаған кәсіпорынға 1 млн теңге айыппұл салу туралы шешім қабылданды.  

 Еске сала кетейік,  бұған дейін Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті кәсіпорынға жоспардан тыс тексеріс жүргіген еді. Экологтардың тексерісінен кейін "АрселорМиттал Теміртау" ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам сомада айыппұл төлейтін болды.

Талқылау