Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандықтарға жылу мен электр энергиясына төлемдер көбірек келе бастаған: Министр түсіндірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтардың жылу мен электр энергиясына келген жоғары төлемдерге қатысты шағымдарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: unsplash.com

Сәтқалиевтің айтуынша, энергетика министрлігі өз құзыреті аясында энергетика секторының сенімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр.

“Тозу деңгейі 90%-ға жеткен электр станцияларында тарифтерді көтердік. Осы жұмыстың нәтижесінде шамамен 19 станция "қызыл" аймақтан шығарылды. Яғни, қазіргі төлемдер дұрыс есептелген болса, төлем құжаттарын толтыру жағынан мәселелер болмаса және операторлар тарапынан бағаны негізсіз көтеру жағдайлары болмаса, олар қазір қолданыстағы тарифтерге негізделген", – деді министр.



Сонымен қатар министр энергиямен және жылумен қамтамасыз ету қызметтері, сондай-ақ газ тұтынатындар үшін тікелей есеп келетінін атап өтті. Оның айтуынша, егер төлем белгіленген тарифтерге сәйкес есептелген болса, онда ол дұрыс болып саналады.

Министрдің мәліметінше, кейінгі жылдары Қазақстанда өмір сүру сапасының жақсаруына байланысты электр энергиясын тұтыну жыл сайын 4% артып келеді.

"Қазақстандықтардың тұтыну көлемі жаңа өнеркәсіптік нысандардың іске қосылуы, әлеуметтік-тұрмыстық және коммуналдық сектордың дамуы, сондай-ақ шағын және орта бизнестің өркендеуі есебінен артып келеді", — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда электр энергиясының жаңа тарифі күшіне енгені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 26 Ақпан, 2025 20:18
Талқылау