Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылы сөздерімді айтып үлгермедім": Әнші Еркін Нұржанов марқұм анасын еске алып, отбасы туралы айтты

Танымал әнші Еркін Нұржанов алғаш рет отбасы туралы сыр шертті. Әнші марқұм анасын да еске алды. Сондай-ақ өзінен бірнеше жасқа кіші жұбайын да айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

2012 жылы әншінің анасы өмірден өткен болатын.  

“Ана дегенде кім болса да қатты толқиды. Анам екеуіміздің байланысымыз ерекше болды. Жалғыз ұл болған соң ба, ерекше еркелетіп өсірді. Тіпті үйдің шаруасын жасаттырмайтын. Ауылда тойларда өнер көрсетіп жүргенде таңға жуық келетінбіз үйге. Сол кезде анам таңертең сабаққа бармай-ақ қойсын деп айтатын. Ата-анамыз еркелетті, одан кейін халық еркелетті. Әкем маған ел алдында жүріп, халықтың адамы болған соң "өзіңді салмақты ұста" деп көп айтатын. Содан кейін өзімді үлкен жігіт сезіне бастадым. Анам еркелеткенде "еркелетпеңіз, мен үлкен жігітпін" деп намыстанғанмын. Бір кезде ұйықтап жатсам, анам аяғымды, қолымды сүйіп жатыр екен. "Не істеп жатырсыз?" дегенімде "Сен ояу кезде еркелеттірмейсің" дейтін. Анама айтылмаған көп нәрсе бар. Құшақтап, сағынышымды басқым келеді. Жылы сөздерді айта алмай қалдым”, – деп өкінеді әнші.

Сондай-ақ әнші екінші жары туралы да айтты. Әншінің жұбайы – Динара есімді тараздық ару. Сонымен қатар өнер иесі тоқал алу мәселесін де қолдайтынын айтты.

“Жеңгеңді алғаш көрген кезде 5-сынып оқитын. Ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті", – деп қысқа қайырды әнші. 

Еске салайық, Еркін Нұржановпен бір сыныпта оқыған әнші Ердос Қанаевтың айтқан бала кездегі қызықтарын жазған болатынбыз.

 

Талқылау