Жылдам салмақ тастаудың өлімге әкелетін қаупі белгілі болды
Жылдам салмақ тастау кезде бұрын майлы қабатта болған барлық токсиндер қанға өтеді. Осылайша, ағза өз майымен уланады. Бұл туралы диетолог Елена Астахова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол ең алдымен дұрыс тамақтану керек екенін атап өтті: денедегі суды сақтайтын қант пен басқа заттардан бас тарту. Бұл ретте ағзаны дұрыс тамақтануға бірте-бірте үйрету керек. Астахованың айтуынша, мұндай жағдайларда экстремалды тамақтану және тамақты шұғыл шектеу қолайлы емес.
"Екі айда 200 килограмнан арылу - сұмдық! Одан шынымен өліп кетуге болады. Егер салмақ көп болса, айына ең көп дегенде 10-15 килограмнан арылуға болады", - деп атап өтті сарапшы.
Ол ағза үшін ақуыздар, майлар мен көмірсулардың дұрыс бөлінуі маңызды екенін атап өтті. Маманның сөзінше, тіпті танымал диетологтардың клиенттері детокс шырындарына ауысқан кезде қаза болған жағдайлары кездескен.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”