"Жылап аламын": Әнші Шахизада жалғыз ұлын дүниеге әкелген сәтін еске алды
Белгілі әнші Шахизада ұлы Олжасты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.
“Бүгін Олжас баламның туған күні. Ия, 33 жасқа толдық, уақыт зымырап барады деген осы ғой, Аллаға шүкір. Жылда 1990 жылы 20 қазан Солтүстік Қазақстан Қызылжар қаласында екі тәулік қиналып, 4 келі 300 грам баламды қалай туғанымды есіме түсіріп, қуаныштан бір жылап аламын. Барлық қиын кезеңдер артта қалғанына Аллаға шүкір деймін. Балам жасыңа жаңа жас қосыла берсін. Алла, бала-шағамның бақытын көрсете берші. Балам жаңа 33 жасың құтты болсын. Ұрпағыңмен көгеріп, өсіп, өне беріңдер. Бірінші Алла, екінші аналық жүрегіммен сендерге қорғаныш болып, шамам келгенше, қолдаймын, балапандарым менің”, – деп жазды Шахизада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”