Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыланды қару ретінде қолданған: Өз әйелін өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Үндістанда әйелін өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол әйелдің төсегіне улы жылан тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. 

жылан

2020 жылы 28 жастағы Сурадж Кумар жары Утраның өлімінен кейін тұтқындалған. Бұл туралы әйел өлімін тергеген полицейлер хабарлаған. 

Тергеу нәтижесі бойынша ер адам өз әйелін 500 мың рупий және жаңа автокөлік үшін өлтіргені анықталды. 25 жастағы жарының мәйітін үйінен тапқан. 

Марқұмның отбасы мұндағы шикілікті бірден байқаған. Себебі қаза табар алдында бірнеше апта бұрын оны Рассел улы жыланы шағып алған. Бірақ әйел бұдан айыққан екен. Тергеушілер екі қастандықты да Сурадж ұйымдастырды деген қорытындыға келген. 

Күдіктіден бөлек полицейлер тағы бір ер адамды ұстаған. Ол улы жылан тауып беруге көмектескен және сотта кәугер ретінде сөйлеген. Қазан айында сот Сураджды кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар 500 мың рупий айыппұл салған.
 

Назархан Уән
Жұма, 15 Қазан, 2021 09:44
Талқылау