Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылағым келеді": Алматыда зейнетке шыққан әскерилер газ бен сусыз өмір сүріп жатыр

Алматы маңындағы қалашықта тұратын зейнеттегі әскери қызметші өзінің қартайған шағындағы өміріне налып отыр. Ол Первомайский тоғаны ықшам ауданындағы газ бен ыстық сусыз үйлерде өмір сүреді. Онда тіпті автобус жүрмейтін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AIBAT ақпараттық қызметіне сілтеме жасап. 

Әскери қалашықтың объектілері қорғаныс министрлігінің қарамағына кіреді. Алайда, жергілікті тұрғындардың айтуынша, ведомство зейнетке шыққан қызметкерлері туралы ұмытып кеткен.

"Ауыр. Өте ауыр. Тіпті жылағым келеді. Өмір бойы қызмет етіп, көргеніміз осы. Әне, аталар тұр. Өмір бойы ақтер-көктер болып, енді міне бәрінен құр қалып отыр", - дейді зейнеткерлердің бірі.

Өмір бойы қызмет еткен әскери қызметкерлерге бөлінген қарапайым пәтерлер іс жүзінде иесіз сияқты. Барлық инфрақұрылым жарамсыз болып қалған. Зейнеткерлердің айтуынша, апат салдарынан күн сайын суық су өшіріледі.

"Қазір судың температурасы минус 30 градусқа дейін барады. Біреулердің қолында кішкентай баласы бар ғой. Бүкіл жол ескірген, бәрін ауыстыру керек. Электр қуатымен де мәселелер бар. Кәрізді де жаңарту  керек", - дейді зейнеткер Виктор Черепанов.

Шағын ауданда шамамен бір ай бұрын құрылысы аяқталмаған тұрғын үй бұзылып, бірақ арты тазаланбаған. Қазір барлық жерде бетон плиталары мен түрлі темірлер жатыр. Сондай-ақ, жақын аудандардың тұрғындары осында келіп, қоқыс тастайды. Соның кесірінен бұл маң егеуқұйрықтар мекеніне айналыпты. 

Үлкендер балаларының болашағы үшін қорқып отыр. Шағын ауданда бақтар да, мектептер де, автобус қызметі де жоқ.

"Ең болмағанда балаларды Ащыбұлақтағы мектепке апару үшін автобус қатынаса болатын еді. Таңертең шығасың балалар ата-аналарымен бірге таңғы 6-дан бері тұрады, әйтпесе кептеліс", - дейді зейнеттегі әскери қызметкер Андрей Качмарик.

Қалашықтың тұрғындары биліктің мәселелерін назарға ілмей келе жатқанына бірінші жыл емес екенін айтады. Барлық уақытта жауаптан қашып келе жатқан көрінеді .

Ал қорғаныс министрлігі зейнеткерлердің сөздерімен келіспейтіндерін жеткізді. Департамент ағымдағы жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізілгенін мәлімдеді. Бірақ пандемияға байланысты бөлінген ақша қайтарылған. 

"2020 жылдан бастап қорғаныс министрлігі бұл әскери қалашықты Алматы облысы әкімдігінің жауапкершілігіне беру бастамасын көтеріп келеді. Бұл өңірлік бағдарламаларға сәйкес қалашықтың инфрақұрылымын ұстауға және қызмет көрсетуге мүмкіндік берер еді", - дейді әскерилерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы бағытының аға офицері Дәуренбек Жұмабек.

Іле ауданының әкімдігінде бұл туралы білетіндерін айтты. Бірақ шағын аудандағы мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін атамады. Тұрғындар шенеуніктердің сөзіне сенбей отыр. Қыстың басталуын алаңдаушылықпен күтеді, өйткені құбырлар жылыту маусымына төтеп бере алмауы мүмкін.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 24 Тамыз, 2021 09:30
Талқылау