Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылағанына шыдай алмай жұдырықтап ұрдым": Өгей баласын сабап өлтірген әке әрекетін түсіндірді

Жылағанына шыдай алмадым. Өгей баласын сабап өлтірген өгей әке сот отырысында осындай адам шошырлық мәлімдеме жасады. Екі жасар баланың еркелігін көтере алмаған ер адам оған бірнеше соққы жасап, көшенің қақ ортасында тепкілеп тастаған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүлдіршін есінен танып құлап, тілге келместен көз жұмыпты. Күдікті Жеңіс Құрманғазин бүгін өз қылмысының жай-жапсарын түсіндіріп берді. Ал жәбірленуші тарап не дейді? Жауыз әке қандай жазаға лайық? 

Кісі қанын мойнына жүктеді деп айып тағылған Жеңіс Құрманғазиннің жасы 34-те екен. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін екі мәрте сотталыпты. Енді, 2 жасар өгей баласын өлтіргені үшін сот алдында жауап беруде. Сұмдық оқиға болған 23 қыркүйекте келіншегі жұмысқа оның орныны шығып, балаларын оған имандай сеніп алаңсыз қалдырып кетіпті.

"Теңізбаев жылап, Құрманғазинге көтер деп қолына алуды сұрап, жылай бастаған. Содан Құрманғазин жәбірленуші Теңізбаевтың жылағанына шыдай алмай Теңізбаевтың бас тұсынан оң қолының шапалағымен 3-4 рет ұрады. Теңізбаев жерге құлап басын тасқа ұрып. Басы жарылып, есін жоғалтады", - дейді мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Ертаев.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Марқұм бүлдіршіннің анасымен наурыз айынан бері азаматтық некеде тұрады екен. Екеуі де көлік жуу орталығында жұмыс істеген. Тергеу мәліметінше, сол күні Құрманғазин 6-7 литр сыра ішкен екен. Үлкен ұлын үйіне қамап, кенжесін ертіп шаштаразға барыпты.

"Біз одан кейін ары қарай кетіп бара жатқанда тағы жылайды. Сол кезде тіземе отырғызып алып ұрғанда, есін жоғалтып алды. Жұдырықпен іш құрылысынан ұрдым. Сөйтіп, сол кезде талып қалды", - сотталушы Жеңіс Құрманғазин.

Ал баланың анасын біреулермен төбелес кезінде бала құлап қалды деп алдаған. Ал, ұлынан айырылған Әсел өз өмірін осы еркекпен байланыстырғанын қатты өкінетінін айтты.

"Қалай ауруханаға бардым, ұлымды көрдім, екі қолына засос салып тастаған. Үсті-басы тілім-тілім, басы деген көкпеңбек жарылып жатыр. Қазір өкінем, бұған сеніп. Өмірімді талқан-талқан қылды", - деді жәбірленуші Әсел Теңізбаева. 

Сотталушы өзі үйленбек болған келіншектің жанына қандай жара салғанын енді ғана сезінсе керек кешірім сұраумен болды.

"Әселден кешірім сұраймын!. Кешіре алатын болсаң, кешір! Шын жүректен кешіріре қойшы!", - деді сотталушы Жеңіс Құрманғазин.  

"Мен жұбай ретінде ғана өзіме жар етіп таңдағаннан кейін аз да болса бірге тұрғанымызды. Мен оны кешірем. Ана ретінде бұл жерде менің балам кетіп отыр ғой, ана ретінде мен кешірмеймін оны. Сот мына мәртебесінен сұрайтыным қандай жаза болса да мен қолдаймын", - жәбірленуші Әсел Теңізбаева. 

Оқиға 23 қыркүйекте Алматы ірегісіндегі "Көкқайнар" ықшам ауданында болған еді. Азаматтық некедегі күйеуіне екі баласын қалдырып келіншек өзі жұмысқа кеткен. Ал ішімдікке сылқия тойып алған ер адам кешкі бестер шамасында екі жасар баланы өлімші етіп сабап тастаған. Бас сүйегі сынып, миына зақым келіп, ішкі құрылысы түгел ісініп, денесінің сау тамтығы қалмаған бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шыққан. Балақай сол күйі есін жимастан 3 қазанда көз жұмды. Егер кінәсі дәлелденетін болса, сотталушы өмірбақи түрмеге қамалуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда өгей әкесінің 2 жасар баланы сабап тастағанын, бүлдіршіннің комада жатқанын хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға аман жеткен жолаушылар жолда бірнеше тәулік түнеген

Олардың кейбірі жолда бірнеше тәулік түнеген

Қостанай облысында қар астында қалған екі адамды құтқарды

Құтқарылған кезде ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық еді

Сегіз айлық нәресте аман: Алматы облысында кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды

Марқұмның анасы: Үйден кеткенде қызым сап-сау болған, дәрігерлер кінәлі

Қарағанды жолында ер адам көз жұмды

Департамент азаматтарға алыс қашықтыққа сапар шегуден бас тартуға кеңес берді

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

Ұшқыштың жағдайының күрт нашарлады

Уханьдағы қытайлық медбике шын мәнінде қанша адам ауруға шалдыққанын айтып берді

Сырқатты жұқтарғандардың саны 90 мыңға жетті дейді ол

Көздеріңізді уқаламаңыздар: Қытайлық коронавирусты жұқтырудың жаңа тәсілдері айтылды

Ресейлік маман: Құрғақ жөтел мен дене қызуы сырқаттың негізгі симптомдары

Алматы тұрғындары қаладағы коронавирусты жұқтырған адам жайлы хабар шошытты: Ресми ақпарат

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаның растығын жоққа шығарды

Алматы облысында ер азамат сырғанақтан сырғанаймын деп мерт болды

Ер адам баллоннан ұшып кеткен, салдарынан омыртқасы үш жерінен сынған

Алматы облысында Toyota Camry көліктерін айдап әкетумен айналысып жүрген азаматтарды қолға түсірді

Қылмыстық топ төрт азаматтан құралған
Çàãðóçêà...