"Жылап оянамын". Ләйлә Сұлтанқызы өзін не мазалап жүргенін айтты
Күйеуінен айырылған танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жиі түс көріп, мазасы қашқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Соңғы кездері жиі түс көріп жүрмін. Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бірде жылап оянамын. Бүгін де шым-шытырық түс көрдім”, – деп жазды Ләйлә.
Ол түсінде не болғанын айтып, оқырмандарымен бөлісті.
“Жаңбыр құйып тұр. Қайрекем әдемі киініп алып, күлімдеген жүзімен маған қарап тұр екен. Ырымшыл халықпыз ғой. Түсімді жақсылыққа жорыдым”, – дейді тележүргізуші.

Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі