"Жыл ұстазы": Павлодарлық мұғалімнің биі жұртты сүйсіндірді (видео)
Павлодарлық мұғалімнің биі жұртты сүйсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Әлеуметтік желіде мектеп ауласындағы іс-шарада түсіріліген бейнежазба пайды болды. Бейнежазбадан бастауыш сынып оқушыларының билеп жатқанын көруге болады. Ал оларға қарама-қарсы мұғалімнің қыздар қимылдарын ұмытып қалмау үшін бірге қайталап тұрғаны түсірілген.
Бейнежазбаның астындағы пікірлерде желі қолданушылары жас жігіттің павлодарлық би мұғалімі екенін айтқан.
Сонымен қатар, желі қолданушылары пікірлерде мұғалімге ризашылықтарын білдіріп, сәттілік тілеп жатты.
"Нағыз ұстаз! Жарайсың, өте керемет! Өз мамандығына жан-тәнімен берілген ұстаздарымыз көбейе берсін", – делінген пікірлерде.
Кейбір қолданушылар бұл мұғалімге "Жылдың үздік ұстазы" атағын беру керек деген бастама көтерді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн