Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жыл тойын" жасаймыз деп едік": Ерке Есмахан жоспарының іске аспай қалғанын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан отбасындағы тойды кейінге шегергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі жақында үшінші рет ана атанбақ. 

“Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген – рас. Биыл жазда үлкен “жыл тойын” жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай дүниеге келем деп тапсырыс берген соң, барлық жоспарды өзгерттік. Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс кеп қалмаса...”, – деп әзілдеді әнші. 



Сондай-ақ әнші үшінші жүктілігінің ұзақ өтіп жатқанын айтып, оқырмандарымен сырласты. 

“Осы жүктілігім ұзақ болып жатқан сияқты ма?! Әлі томпаңдап жүрмін. Европа, Азия, Араб Әмірлігін шарлап келдім. Ал бөпемнің шығатын ойы жоқ. Күтейік не де болса...”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, Райымның бұрынғы сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын жазған едік. 

Талқылау