Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл соңына дейін төленеді: Ауыл шаруашылығы министрі шаруалар алдындағы субсидия қарызы өтелетінін айтты

Ауыл шаурашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің шаруалар алдындағы субсидия қарызы жыл соңына дейін өтеледі деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында шарауалардың субсидия қаразынына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.

“Ия, бұл мәселе Үкімет отырысында да айтылды. Мемлекеттің фермерлер алындағы қарыз субсидиясы 155,5 млрд теңгені құрайды. Кешегі күннен бастап бюджеттік өтінім қаржы министрлігіне жіберілді. Ведомство барлығын тексеріп, содан кейін трансфертпен облысқа бөледі”,- деді министр.

Министр субсидия жыл соңына дейін төленеді деп сендірді. Бұл ретте шаруалар да тиісті құжаттарын уақытылы тапсыруы маңызды екенін атап өтті. 

“Бұл барлығы мемлекет тарапына ғана байланысты емес. Шаруашылықтар өздері де қағаз құжаттарын уақытында дайындап беруі керек. Көбінесе тексере келгенде құжаттары дұрыс болмайды. Сол себепті де кешігіп қалады. Жалпы үлгере алмағандар ендігі жылдың бюджетінен де алады. Сондықтан да бұл жерде ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз”,- деді Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы министрі өңірлердегі комиссиялардың жұмысы негізінде жеке тәртіппен несиелерді ұзарту мәселесі пысықталатынын айтты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін айыппұл санкцияларынсыз ұзарту қажет. Айдарбек Сапаров келесі жылы қаржыландыруды алу кезінде фермерлерге қысым жасалмауға тиіс екенін атап өтті.

"Егер әдеттегідей кейінге қалдырса, бұл фермердің несиелік тарихына әсер етеді. Қазіргі уақытта әкімдіктердің деректері бойынша субсидиялауға қосымша қаражатқа қажеттілік 155,5 млрд теңгені құрайды", - деді спикер ОКҚ алаңында.


 

Талқылау