Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жыл сайын 4,2 миллион адамның өліміне себеп болады": Мамандар тамақ пісіргеннен кейін үйді желдету керегін айтты

Жаңа жыл жақындап келеді. Қонақтар мен мерекелік кештердің маусымы ашық. Осындай сәтте үй шаруасындағы әйелдер қонақтарын және отбасын таңдандыру үшін түрлі дәмді тағамдар дайындауға тырысады. Кейбірі үшін тамақ дайындау - босаңсу және медитация процесі, ал басқалары үшін пештің жанында сағаттап тұру – жазамен бірдей. Эндокринолог Зухра Павлова ұзақ уақыт плитаның жанында тұру денсаулыққа айтарлықтай қауіпті екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: doctorpiter.ru

Маманның айтуынша, ұзақ уақыт тамақ пісіру пәтердегі ауаны айтарлықтай ластайды. Оған кінәлі - кішкентай ғана PM 2,5 (ауа деңгейі жоғарылаған кезде адамдардың денсаулығына әсер ететін ауаны ластаушы зат) бөлшектері. 

"Олардың көлемі өте кішкентай, ауамен бірге өкпеге енеді. Ол жүрек және тамыр, тыныс алу органдары ауруларының қаупін арттырып, астма ұстамалары мен инсульт тудыруы мүмкін", - деді маман. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының пікірінше, ауаның осылай ластануы жылына шамамен 4,2 миллион адамның өліміне себеп болады.

Қауіпті микробөлшектер қайдан келеді? 

Маманның айтуынша, ол бұқтыратын, қуырып пісіретін тағамдар мен пеш беттеріндегі тағам бөліктерінен ауаға сіңеді. Сондай-ақ хош иісті заттар мен шамдар да ауаны ластайды. Көшеде ластанудың негізгі көзі автокөліктер. Аталған бөлшектер көмірді жағу кезінде де пайда болады.

Калифорниялық зерттеушілер PM 2.5 бөлшектерінің ең көп шығарындылары жаңа жыл қарсаңында болатынын анықтады. Ластану көрсеткіші қыстың басқа күндерімен салыстырғанда 50%-ға артады, ал жазғы нормативтер жалпы алғанда екі есе жоғары. Бұл мерекелік үстелге тамақ дайындаумен байланысты болуы мүмкін.

Зерттеу авторлары тамақ дайындау кезінде міндетті түрде сорғышты қолдануға, үй-жайларды желдетуге және үйде сүзгілері бар арнайы ауа тазартқыштарды орнатуға кеңес берді.

Эндокринолог Павлова оңай пісетін тағам дайындауды ұсынады. Олар бумен пісірілген котлеттер, қайнатылған жұмыртқалар мен жеңіл салаттар.

Талқылау