AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл оқиғасы: Балқаш пен Жезқазған тұрғындары үшін Металлург күні немен есте қалды

Көбік кеші, жүздеген адамның алдында сүйікті жанға жасалған үйлену туралы ұсыныс, ашық аспан астындағы караоке және футбол шоуы. Балқаш пен Жезқазғанда аталып өткен биылғы Металлург күні тұрғындардың есінен ұзаққа дейін шықпасы анық. Себебі аталған өңірлерде бұл күн бір апта бойы тойланды. Бұдан өзге қандай есте қаларлық оқиғалар болғанын Stan.kz материалынан біле аласыздар.

Қазақстанда Металлург күні шілде айының әр үшінші жексенбісінде тойланады. Бұл еліміздің кей өңірлері үшін жылдың ең басты кәсіби мерекесі саналады. Мәселен, Балқаш пен Жезқазғандағы әр отбасында дерлік бір-бір металл балқытушы, конвертерші, шихталаушы және электролизші бар. Қос қала тұрғындарының өмірі металлургия өнеркәсібімен тығыз байланысты. Мұнда Жезқазған және балқаш мыс қорыту зауыттары мен кен байыту фабрикалары жұмыс істейді. Сол себепті аталған қалалардың тұрғындары Металлург күнін ерекше атап өтеді. Ал өңірдегі басты жұмыс беруші «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС болса бұған жағдай жасайды. Неге жасамасқа? Жақсы жұмыс істейтіндер жақсы демалуға да лайықты емес пе?!

Биылғы мерекелік бағдарламаның ауқымы кең, кез келген аудиторияның қалауына сай етіп жасалды. Алайда ұйымдастырушылар өсіп келе жатқан жас буынның көңілінен шығу үшін барын салды.

С. Қожамқұлов атындағы қуыршақ театрында «Қыныр лақ» балалар қойылымының көрсетілімі ұйымдастырылды, ал Мұрат Мұтырғановтың «Шапито» циркінің әртістері оларға арнап шоу-көріністер қойды.

Театр және цирк өнерінен сусындаған жас қалалықтар өзінің хореграфиялық білімін жетілдіре түсті. Бұл үшін Алматы мен Нұр-Сұлтаннан арнайы кәсіби хореографтар шақырылып, олар балаларға арналған шеберлік сағаттар өткізді.

Би билеу өнерінің қыр-сырына үңіле түскен балалар сол мезетте-ақ алған білімін іс жүзінде сынап көрді. Себебі шеберлік сағаттардан соң көбік кеші ұйымдастырылды. «Қазақмыстың» тосынсыйы ойдағыдай өтті! Балалар өте жақсы көңіл көтерді.

Ал Балқаш пен Жезқазғанның ересек тұрғындары бұл уақытта С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өткен «Сен және мен» қойылымының премьерасын тамашалай алды. Пьеса авторлары тастанды сәбилер мен қарттардың тағдыры арқылы жалғыздық тақырыбын көтерген. Оқиға желісі қарттар үйін мекен еткен қариялардың оқиғалары негізінде өрбиді.

Киносүйер қауым үшін де тосынсый әзірленді. Олар үшін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен ашық аспан астында фестивальдық фильмдердің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды. Осындай киносеанстардың бірінде көрермендер ерекше оқиғаның куәсі болды. Жас жігіт көпшілік алдында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады. Осылайша қонақтар бір емес, екі бірдей көріністі тамашалай алды.

Музыкасүйер қауым да тосынсыйдан қалыс қалмады. Оларға арнап «STEPPE SONS» этникалық қазақ джаз тобы жанды дауыста акустикалық концерт беріп, караоке-кеш ұйымдастырды. Кеште кез келген қалаған адам ел алдында әншілік өнерін паш ету мүмкіндігіне ие болды.

Спорт жанкүйерлері де «сыйдан» қалыс қалған жоқ. Олар БМЗ және ЖМЗ құрамалары мен «Алатау» қазақстандық жұлдыздар құрамасының жолдастық ойынын тамашалай алды.

Жұлдызды қонақтардың бірі – көпшілікті өзінің жағымды әзілдерімен қуантып жүрген вайнер Сека.

Шоу-матч ұзақтығы бір минут болатын екі таймнан тұрды. Спортшылардың біріншіліктегі жеңіс үшін күресі оңайға түскен жоқ. Одан бөлек қос команданың ойыншылары да шеберлік бойынша бір-бірінен кем түсе қоймады. Нәтижесінде командалар 4:4 есебімен тең түсті. Алайда қарсыластар келесі матч-реваншта қайта кездесуге уағдаласып тарқасты.

Апта соңында негізгі мерекелік іс-шаралар өтті. Балқаштағы БМЗ зауытының алдындағы Кеңес Одағының батыры, металлург Петр Миллердің мемориалды тақтасы мен «Данқ Мемориалы» тақтасына гүл шоқтары қойылып, металлургтер зауытында жұмыс істеген барлық қызметкерге құрмет көрсетілді.

Ал Жезқазғанда өңірдегі ірі мыс кен орнын алғаш ашқан көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевты еске алды.

Бұдан кейін ең басты оқиға – марапат табыстау рәсімі өтті. Мәселен Балқаштағы ең үздік жұмысшының есімі Еңбек Даңқы Галереясының тақтасына жазылды.

Еңбектегі жоғары жетістіктері үшін БМЗ мен ЖМЗ-ның екі жүзден астам жұмысшыларына салтанатты шарада құрмет грамоталары, салалық марапаттар мен алғысхаттар табысталды. Артынша қазақстандық орындаушылардың қатысуымен гала-концерттер елді қуантты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр