Жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 200 мыңға жуық турист келген
eQonaq ақпарат жүйесінің мәліметтеріне сәйкес жыл басынан бері Қазақстанда шет елдерден 195 149 турист келген. Жүйе 2020 жылдың қарашасында қосылған және республикалық маңызы бар 3 қала мен 14 облыс орталығын қамтиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жүйе туристер ағымына сараптама жүргізіп, миграциялық әрекеттерді бақылауға мүмкіндік береді.
Статистикаға сәйкес шетелдік туристер көптеп келген аймақтар келесідей:
– Алматы – 73 012;
– Нұр-Сұлтан – 44 859;
– Қызылорда облысы – 9 735;
– Маңғыстау облысы – 9 384.
Туристердің жалпы санының 67%-ы Ресей Федерациясынан, 16%-ы Өзбекстаннан, 6%-ы Түркиядан, 4%-ы Қытайдан, 7%-ы өзге мемлекеттерден келген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”