Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері 600 лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысы бар екені анықталды – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қазақстанда жыл басынан бері 1 100-ден аса жемқорлық деректері анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пара

Президенттің қабылдауында болған агенттік төрағасы 600 лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысы бер екені анықталғанын айтты. Олардың 110-ы түрлі деңгейдегі басшылар. Ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылған. 

Олжас Бектеновтің сөзінше, қазір агенттік бизнеске заңсыз араласудан қорғау механизмін жасап жатыр. Арнайы іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес кәсіпкерлерге қатысты кез келген тергеу шаралары орталық аппаратпен мақұлдануы керек. 

Сонымен қатар "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз бизнеске араласу деректері бойынша жедел әрекет ететін жұмыс тобы құрылған. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 24 Мамыр, 2022 12:19
Талқылау