Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жыл басынан бері 100 мың отбасыны қуантты": "Қазақтелеком" ел аймақтарын жылдам интернетке қосуды жалғастыруда

"Қазақтелеком" қазақстандықтарды GPON технологиясы бойынша заманауи цифрлық қызметпен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Жыл басынан бері компания тек Астананың өзінен 25 мыңға жуық отбасыны қуантып, Степногорск қаласында 2 мыңнан астам абонентті "мыс" желісінен "оптикаға" ауыстырған. Одан бөлек, Пригородный кентінде де екі бес қабатты үйді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етті.

Бүгінде компания еліміздегі цифрлық инфрақұрылымды дамытуға сеп болу үшін технологиялық инновацияларға инвестиция салуда. "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, қазір компания бүкіл республикада өз желілік инфрақұрылымын дамытып, жаңғыртуға бағытталған бірнеше ірі жобаны қатар жүргізуде.

 "Біз түрлі себеппен сымды интернет жүргізе алмайтын жерлерде баламалы технология, оның ішінде "радиокөпір", LTE, FWA станцияларын орнатамыз. Клиенттерімізді ескірген мыс желісінен оптикаға, атап айтқанда GPON технологиясына көшірмекпіз. Бұл желі қосылыстың ерекше тұрақтылығы мен жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін телекоммуникация саласындағы технологиялық өзек ретінде әрекет етеді. Талшықты-оптикалық желі клиентке бірден бірнеше қызметті бір кабель арқылы қосуға мүмкіндік береді. Осы технология арқылы әлеуметтік желіге мәліметті лезде жүктеуге және тіпті кәсіби деңгейде онлайн-геймингпен шұғылдана аласыз”, – деді Қуанышбек Есекеев.

Басқарма басшысы компанияның телекоммуникация желісін кеңейту мақсатында техникалық жетілдіруді қамтамасыз ететінін алға тартты. Сонымен қатар клиенттерге қосылу үшін ең жақсы тарифтерді де ұсынады екен.

“Бұдан басқа, қазақстандықтардың ADSL технологиясынан неғұрлым заманауи және тиімді GPON байланысына көшу процесін нәтижелі жүзеге асырамыз. Бұл интернет байланысының жылдамдығы мен тұрақтылығын арттырып қана қоймай, абоненттерімізге телекоммуникацияның озық мүмкіндіктеріне кеңірек қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп қосты Қуанышбек Есекеев. 

Пригородный кентіндегі Сарытоғай көшесінің тұрғындары үйді пайдалануға берген сәттен бастап үш жыл бойы кең жолақты интернетке қол жеткізе алмай келген. Түрғындардың айтуынша, 2020 жылы интернетті қосуға уәде берген жергілікті компания өз міндеттемелерінен бас тартып, жұмысты жарты жолда қалдырған екен. Кейін құрылыс - инсталляциялық жұмыстарды "Қазақтелеком" аяқтап, қысқа мерзімде жүз отбасын интернетке қосты.

Динагүл Сексенбаева Пригородный кенті үйлерінің бірінде жоғары жылдамдықты интернет өткізген алғашқы тұрғындардың бірі. Ол құрылыс компаниясында қашықтан жұмыс істейді. Сондықтан оның жұмысы үнемі жоғары жылдамдықты интернетті қажет етеді. 

"Қыркүйек айында қала әкімі мәселе бар деген үйлерді аралап шықты. Осы мүмкіндікті пайдаланып көршілермен бірігіп, үйімізге жақсы интернет желісін орнату туралы өтініш білдірдік. Осылайша "Қазақтелеком" біздің үйлерге талшықты-оптикалық байланыс жүргізді. Телекоммуникаторға қосылмас бұрын мен айына бірнеше рет балансты толтыруды қажет ететін сымсыз Wi-Fi маршрутизаторын қолдандым. Тұрақты тарифтің болмауына байланысты көп қаражат кететін. Бірақ "Қазақтелеком" желісіне қосылғалы бері жақсы ұсыныс алдым. Маған екі SIM картасын, телевизия және жақсы интернетті қамтитын "Bereket" тарифі ұнады. Өте ыңғайлы. Келесі жылы балам бірінші сыныпқа барады. Сондықтан қызыма онымен үнемі байланыста болу үшін SIM-карталардың бірін беремін. Ал интернет бізге оқу және жұмыс істеу үшін қажет болады", - деді Динагүл. 

Бүгінде Степногорск қаласында да үйлерді GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосу белсенді жүріп жатыр. Оптикалық байланыс желісіне 7 шағын аудандағы екі тұрғын үй қосылған. Тұрғындар интернетке 500 Мбит/сек жылдамдықпен, бейнебақылау қызметтеріне және сандық теледидарға қол жеткізді.

Тұрғындардың арасынан Алина Аюпова алғашқылардың бірі болып "Қазақтелекомның" жаңа қызметтеріне көшкен. Алина – білім беру орталығының жетекшісі. Сондықтан ол қашықтықтан да көп жұмыс істейді. Оған әрқашан білім беру материалын дайындауға және үлкен көлемдегі деректерді жүктеуге тура келеді. Сондықтан сапалы интернет үйде де, кеңседе де оңтайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді екен. Ол "мыстан" кейін "оптиканың" барлық артықшылықтарына керемет баға берді.

"Әрқашан "Қазақтелеком" интернетін пайдаланып келгенмін. Енді бұдан да шапшаң интернетке қосылу мүмкіндігі болатынын естігенде, қатты қуандым. ALTEL ұялы байланыс операторының нөмірлері бар тарифті таңдадым. Оны үнемі толтырып отыру қажет емес. Тіпті бұл операцияға қосымша уақыт та жұмсамайсыз. Сонымен қатар, мен қызмет көрсету сапасына, қызметкерлердің жоғары деңгейлігіне де өте риза болдым. Олар әр клиентіне мұқият қарайласады. Қазір жоғары жылдамдықты интернеттің пайдасын толық сезініп жүрмін. Талшықты-оптикалық қосылымды орнатқаннан кейін байланыс шынымен "ұшып тұр". Байланыстың сенімділігі мен сапасын бағалайтындар үшін тамаша таңдау", - деді Алина Аюпова.

Айта кетейік, "Қазақтелекомның" GPON кең жолақты интернетіне қосылу цифрлық қызметтердің барлық спектріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жылдамдығы 500 Мбит/с дейінгі интернет, 150-ден астам телеарна және Full-HD кескін айқындығы бар телевизия, TV+ сервисі мен IP-телефония. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша кең жолақты Интернетке 100 мыңға жуық абонент қосылған. Жыл соңына дейін компания тағы 10 мың қазақстандықты "оптикаға" көшіруді жоспарлап отыр. 

Талқылау