Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жиһаз компаниясының қалыңдықты ұрлап, ұрып-соғатын жарнамасы жұрттың ашуын тудырды

Әлеуметтік желіде тараған есік пен баспалдақ шығаратын компанияның жарнамасы қазақстандықтардың ашуын туыдырды. Дегенмен жарнамалық бейнероликке оң баға бергендер де болды. Видео 2,5 миллион қаралым мен мыңдаған пікірге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

видеодан скриншот

Жарнамалық ролите бір топ ер адам қыздың көз жасына қарамай ұрлап әкетеді. "Алып қашу" дәстүрімен түсірген келінге болашақ енесі орамал байламақшы болады. Алайда келін болудан бас тартқан қыз орамалды лақтырып жібереді. Ер адам оның бұл қылығын ұнатпай қыздың бетінен шапалақпен ұрады. Баспалдаққа құлаған қыз, үйдегі есік пен баспалдақ сапасы мен интерьер әдемілігіне баға береді. Келіннің рөлін сомдаған қыз  ролик соңында өзіне орамал салуына келіседі. 

Бейнеролик әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі жарнаманың мұндай тәсілі әдепсіздік, шектен шыққандық десе, енді бірі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты насихаттау деп баға берді.

Сондай-ақ, белгілі блогерлер мен кәсіпкерлер Қазақстан қоғамына заңсыздықты жарнамаламай керісінше күресу керек деп, маркетингтік тәсілді сынға алды. 

“Компаниялар мен шоулар бұны көпшілікке жариялап, миллиондаған адамдарға таратқанда дабыл қағуымыз керек! Сіздің аудиторияңыз жастар, оларға не үйретесіз? Қызды ұрлап, ұрып-соғып, балағаттап, әйелдің образын осылай бейнелеп, жарнамалайсыз ба? Осыны дұрыс деп есептейсіз бе?”,- деп жазды кәсіпкер Роза Әшірбаева.
 

Талқылау