Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіттердің көмегі қажет": Ақтөбелік дәрігерлер еріктілердің көмегіне зәру

Ақтөбеде тынысы тарылған науқастарға дер кезінде оттегі баллондарын тасып, қолқабыс жасайтын адам жетіспей жатыр. Еріктілер ұйымының мүшелері мен дәрігері осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

көмек

"Сіздерге бір өтінішім бар. Медицина университетінің жанынан 300 орындық провизор орталығы ашылғалы жатыр. Соған санитардың жұмысын атқаратын жігіттер керек. Көпке көмегімді тигізем, әрі ақша табамын деген қайратты жігіттер болса, маған хабарлассын", - дейді Ерболат Ізтілеуов.

Медицина ғылымдарының докторы, доцент Ерболат Ізтілеуовтің бұл видеоүндеуін біраз жігітке ой тастапты. Қазір алдағы уақытта ашылатын келесі провизорлық орталыққа адамдар жинап жатқандарын айтты. Ал Бақытқали Оразғалиев ел басына күн туғанда әрбір азамат қолынан келетін көмегін аямауы керек дейді. Волонтерлықпен айналысқанына 3 жылдан асқан азамат күн-түн демей қаладағы провизорлық орталықтарға оттегі баллондарын тасып жүр. Қол күшінің жетпей жатқанын ол да айтты.

"Оттегі баллонды үстіге, жансақтау бөліміне алып барады, оны бітіргеннен кейін түсіреді, көлікке тиеп, оттегі толтыруға апару керек. Адам жетіспей жатыр. Ер адамдардың көмегі керек. Қажет. Алты баллон 6 адамға бір түнге жетеді", - "ANTICOVID-19" еріктілер ұйымының мүшесі Бақытқали Оразғалиев.

Салмағы 70-80 келі болатын ауыр баллонды тасу медбикелер мен санитар қыздарға оңай емес. Әрі зілдей темірді 3-5-қабаттарға көтеру керек. Әрі-бері ойланып, еріктілер тығырықтан шығудың жолын іздеп тапқан сыңайлымыз дейді. Енді баллонды тасымай-ақ, оттегіні арнайы тетік арқылы қосып, құбырмен жіберіп отырады. Әрі бір сәтте екі пациентті оттегімен қамтуға қауқары жетеді. Әрине, мұның барлығы дәрігерлермен келісіліп жасалған.

"Оттегін таратқан кезде техникалық қауіпсіздік сақталмаса, ертең оның артында қиын жағдай орын алуы мүмкін. Сондықтан, олардың бізге көмек көрсетіп жатқан іс-шаралары біздің техниктермен бірге жүзеге асырылады. Қарап отырмыз, біздің тұрғындарымыздың арасында да жаны ашып, осы халыққа көмек көрсетем деп жүргендер жеткілікті, оларға рахмет айтамыз. Біздің өзіміздің емдеу мекемелерде де техникалық персонал жеткілікті, жұмыс жасап жатыр. Сондықтан, баллон тасылмай қалып, науқасқа оттегі берілмей қалған жағдайлар жоқ", - деді облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.

Еріктілердің есебінше, әр адам күніне 1 оттегі баллонын тұтынады. Ал науқастар санының артқанын ескерсек, дәл қазір жұмыс күші ауадай қажет дейді олар. Волонтерлардың еңбегін шенділер де ескерді.

«ANTICOVID-19» еріктілер ұйымының сапындағы 70 адам дәрігерлерге қолқабыс жасап жүр. Жетпістің 20-сы жігіт, қалғаны қыздар.

Талқылау