Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіттер тұрмысқа шыққысы келетін қыздардан қашады": Дина Төлепберген қыздарға кеш тұрмысқа шығуға кеңес берді

Тележүргізуші Дина Төлепберген қыздарды кеш тұрмысқа шығуын қолдайды. Себебі оған дейін жұмыс істеп, өз жағдайын реттеп алуға мүмкіндік болатынын айтты.

Жасым 28-де. "Мына қызды ешкім алмайтын болды" ☺️ Туыстарымның басты уайымы осы болғандай. Бәлкім олай емес те шығар. Бірақ сол кезде маған бәрі солай көрінген.

28 жасымда тұрмысқа шықтым. 29-ымда тұңғыш ана атандым. Бұл кеш пе? Білмеймін. Меніңше, кеш емес. Өмірді көрдім, өзімді сынадым, атым да затым бар болған келін болдым.

Түйгенім: тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес. "Қыз мұраты - кету" дегенді мен басқаша түсінемін. Яғни, ата-анаңа масыл болмай, қаржылық тәуелділіктен шығу", - деп жазды ол.

Дина ханымның өзі бұған еш өкінбейді. Керісінше оңтайлы тұстары көп дейді.

"Екіншіден, "сені ешкім алмады ғой" деуді дөрекі қате деп білемін. Бұл қызды кемсіту. "Өзіңе теңің табылмады ма?" деген сұрақты ғана түсінер едім.

Үшіншіден, ешкімнің асықтыруға құқы жоқ. Өзге адамның өміріне араласпа.


Дина Төлепберген: 2 айлық баламды студия сыртына тастап қойып бағдарлама жүргіздім


Төртіншіден, күйеуге қатты шыққысы келетін қызды жігіттер сезетін сияқты. Содан қашқақтайды. Сондықтан тойды ойлағанша, өзіңді дамыту жайын ойлаған дұрыс деп білемін. Егер күйеуің ханзада болсын десең, ханшайым болыңыз!", - деді тележүргізуші. 

Дина ханым қыз баланың күйеуге шығуға еш асықпауының осындай себептерін айтты. Осылайша өз тәжірибесін бөлісті. Оған кейбір желі қолданушылары қолдау білдірсе, бірі қарсы шықты.

"Мен де 28 жасымда шықтым. 29 жасымда ана атандым. 32 жасымда үшінші бөпемді өмірге әкелдім. Қазір 33 ке толдым. Маған ол кеш болды. Өйткені, қазір балаларым кішкентай қиындау. Қатарларымнын балалары мектепте оқиды. Ерте отбасы құрған дұрыс деп ойлаймын. Оқу деп, жұмыс деп жүрдік ғой", "Өте сауатты, әрі заманауи принципті ұстанып өмір сүруіңіз қатты ұнайды) Көбісі сізді үлгі тұтса, жақсы болар ед. Біздікілер қатып қалған ескінің көзімен өмір сүретіндігі сәл қыңжылтады", "Ұлтымыздың менталитеті дейін десем-ұлы ғұламалардың ұрпағымыз, дөрекілік, мәдениетсіздік дейін десем: оқыған көзі ашық тәтелер де тұрмыс құрмаған қызға "қашан кетесің?", бөпе көтере алмай ішқұса боп жүрген жас келінге "қашан туасыңды" айту азаматтық парызым деп санайтын сияқты ғой, ол адамның ішкі дүниесінде не боп жатыр, жүрегі қалай жараланып жатыр, қызықтырмайды", "Өте дұрыс. Мен 29 жасымда тұрмысқа шықтым. Аллаға шүкір 30 жасымда ана атанып бақытқа бөленгенмін. Барі де өз орнымен болады әрине Алланың қалауымен", деп жазды олар.

 

Талқылау