Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіті ұсыныс жасаған қыз бірнеше сағаттан кейін тұрмысқа шығып кеткен

Сүйгенімен қол ұстасқан әрбір қыз баласы шаңырақ көтерер бақытты күнді асыға күтеді. Кети Боссард үшін бұл күн екі бірдей тосын сый әкелді. Жас қыздың аталған күнді өмір бойы ұмытпасы анық.

17622115-57e5a9571a00002d005b44c6-1475062361-650-30838e4aac-1475069874

Оның жігіті Зак Болдуин бірге демалған күндерінің бірінде ғашығына сезімін білдіріп, ұсыныс жасап қана қойған жоқ. Өз отбасы мен достарының қолдауына сүйенген ол дәл осы күні той жасауды жоспарлаған.

Сүйіктісінің ұсынысына шаттана «Иә!» деп жауап берген Кетиге сол сәтте-ақ Зак тосыннан екінші сұрақ қойған еді: «Сен маған дәл қазір тұрмсықа шығасың ба? Бәрі дайын!»

17622165-57e5a9911b00002e00ef1c9d-1475062519-650-3b3369b40a-1475069874

Осы мезетте көңілі толқып, абдырап қалған Кети кенеттен артына бұрылды. Ал ол жақтан бүкіл отбасы мен достары аяңдай басып келе жатқан-ды. Қуаныштан көзіне жас үйірілген қыз сүйіктісінің сауалына жауап берместен жақындарын құшақтай жөнелген. Кетидің келісімін күткен Закқа сүйіктісіне бірнеше рет ұсынысын қайталауға тура келді.

17622215-57e5aadb1700002900ac6c57-1475062820-650-cd6babf28c-1475069874

Ғашықтар қонақ үйге келіп, небары бірнеше сағат ішінде үйлену рәсіміне дайындалып үлгерген. Достары мен туыстарының көмегінің арқасында барлығы жеңіл өткен еді. Кетиге екі түрлі той көйлегі ұсынылды. Бірін достары таңдасы, екіншісі – анасы мен әпкесінің таңдауы.

17622265-57e5ab2a1a00002c005b44ca-1475062992-650-cd6babf28c-1475069874

Екі жас уәделескеннен шамамен 4 сағат өткеннен кейін, бақытты жұп ғажайып көрініске жол ашар тау басында шаңырақ көтеру тойын тойлады.

17622315-57e5ab6c1b00002e00ef1ca1-1475063082-650-a1996eb0bd-1475069874

Мұнан кейін Кети үйлену тойларының арманындағыдан асып түскенін, мұндай тойды елестете де алмағанын айтты. Ол сән-салтанатты үйлену рәсімін ойластырып, мінсіз той көйлегін іздеу үшін ешқашан көп уақыт жұмсағысы келмеген. Бар арманы тек сүйіктісімен мәңгілікке қол ұстасып, тұрмысқа шығу еді, себебі «неке – үйлену тойы немесе сауық кешінен анағұрлым маңызды».

Талқылау