Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіт көмек сұрады": Елордалық қыз өзін бұрынғы сүйіктісі ұрып-соғып, айуандықпен зорлағанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтанда бойжеткен өзін танысы зорлағанын мәлімдеді. Астаналық қыз "Не молчи" қорына жүгініп, оқиғаның 12 шілдеден 13-не қараған түні болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде жыл басынан бері 800 әйел зорланған: Алматы облысы көш бастап тұр

"Ер адам бұрын қарым-қатынаста болған құрбысына қоңырау шалып, өзін алып кетуді өтінген. Ол көп ішетіндіктен және үйге өз бетімен жете алмады. (...) Қыз таксиге қоңырау шалып, достарының көмегімен оны қонақ үйге апарған. Онда ол қыздан қалуды өтінген, өйткені өзін өте нашар сезінетінін және көмекке мұқтаж екенін айтқан (...) Қонақ үйде ол оған шабуыл жасаған, ұрып-соғып, зорлады, оның үстіне жауыздықпен, оны таңғы жетіге дейін жібермеген, содан кейін өзі кетіп қалған, жазаланбайтынына сенімді болған.

(...) Ол келіп, миллион теңге ұсынған. Ол өзі бұрын осындай қылмысқа қатысқанын және жәбірленушімен 300 000 теңгеге "келіскенін" айтып, бағаны білетінін жеткізген. Сонымен қатар, белгілі болғандай, оның басқа да ауыр баптарға қатысы бар. Қыз ақша алудан бас тартқан, ол "ауыр артиллерияны" қосуға уәде берген, шамасы, уәдесін орындады", - делінген қордың Instagram-дағы хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес қылмыстық кодекстің 120-бабы - "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің күдіктімен 2015 жылдан бері таныс екендігі және қарым-қатынаста болғаны анықталды. 2020 жылдың 12 шілдесінде ол оны саунаға шақырған, онда олар бірге уақыт өткізген, содан кейін қонақүйге барып, жыныстық қатынасқа түскен. 2020 жылдың 13 шілдесінде таңертең жәбірленуші полицияға зорлау туралы арыз берді", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Полицияның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, түпкілікті процестік шешім қабылданады.

 "Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауда", - деп қосты тәртіп сақшылары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр