Жігіт қызын 30 секундта 146 рет сүйіп, Гиннес рекордын жаңартты

Британиялық Джошуа Сандерс сүйісу саны бойынша Гиннес рекордын орнатып, сүйіктісін 30 секунд ішінде 146 рет сүйді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oxu.Az порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Британиялық журналист Джошуа Сандерс пен оның серіктесі Дженни Трой сүйісу саны бойынша Гиннес рекордын орнатты.
Жетістік туралы видео Guinness World Records ұйымының TikTok-тағы ресми парақшасында жарияланған. Видеода рекорд орнату үшін жұп ұйымның Суиндон қаласындағы штаб-пәтеріне арнайы барғаны айтылған.
Постта кейбір сүйісулер жалпы саннан алынып тасталғаны да көрсетілген. Себебі қатысушы келесі сүйіске дейін серіктесінің бетінен толық ажырамаған сәттер болған.
Guinness World Records әлеуметтік желі қолданушыларынан 30 секундта 146 реттен жылдам сүйе ала ма деген сауал тастады. Ал Сандерс өз рекордының жаңартылғанын қалайтынын айтып, үміткерлерді өтініш беруге шақырды.
Айта кетейік, ал ең ұзақ сүйісу бойынша әлемдік рекорд таиландтық ерлі-зайыптыларға тиесілі. 2013 жылы Ғашықтар күніне орай өткен байқауда Эккачай мен Лаксана Тиранараттың сүйісуі шамамен екі жарым тәулікке созылған. Байқау шарты бойынша олар еріндерін бір сәтке де ажыратпауы керек болған, тіпті дәретханаға да бірге баруға мәжбүр болған.
- Егіз ағайынды мен егіз апалы-сіңлінің үйлену тойы желіні жарды. Екі жақта да бір-бір жұптан егіз ағалары бар
-
Алкоголь ішіп, некесіз жыныстық қатынасқа түскен жұпқа көпшілік алдында 140 рет дүре соғылды
Еске салайық, бұған дейін 90 жастан асқан күйеуі мен әйелі жетпіс жылдық некеден кейін армандаған тойын өткізгенін жаздық. Гарольд пен Фрэнсис 1950-жылдары мұз айдынында танысқан. Көп ұзамай араларында махаббат оты тұтанып, олар 21 және 20 жасында шаңырақ көтерген. Ол кезде жас жұбайлар тек некелерін тіркеп, ешқандай салтанатты рәсім өткізбеген.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты