Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіт болып шықты": Қарағанды тұрғыны желіде танысқан қызына 2 млн теңге жіберіп, алаяқтың құрбаны болды

Қарағанды ​​облысының тұрғыны әлеуметтік желіде танысқан қызға екі миллион теңге жіберіп, интернет-алаяқтықтың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Желідегі хат алмасу осы жылдың мамыр айында басталып, шамамен үш айға созылған. Осы уақыт ішінде виртуалды қыз жігіттің сеніміне кіріп кеткені сонша, ол қыздың шынайы екеніне еш күмәнданбаған. Виртуалды қыздың әңгімелері ер адамды шабыттандырғаны сонша, ол қыздың банк картасына 2 миллион теңгенің қалай аударылғанын байқамай қалады. Бұдан кейін бойжеткенмен хабарласа алмаған жас жігіт өзінің алаяқтардың қармағына түсіп қалғанын түсінген", – дейді Қарағанды ​​облысы ДП басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин.

15 шілдеде жәбірленуші Абай аудандық ішкі істер бөліміне арызданған. Жаңадан құрылған IT технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстармен айналысатын Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері бұл істі тергеуге бірден қосылды. Олар күдіктіні анықтады.

"Күдікті Қарағанды ​​қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Жәбірленуші оны кездесуге әкелгенімізде шошып кетті. Виртуалды алдау үшін күдікті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз", – делінген хабарламада. 

Талқылау