Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев өзі туралы жалған ақпарат таратқан адаммен жаға ұстасып қалды

Жігер Ауыпбаев ауруына қатысты шындықты сөз етті. Ол, тіпті, өзін «пиар жасады» деп әңгіме таратқандарды тауып алып, жаға жыртысып қалған.

18298904_209416842899204_6901424450764275712_n

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Халық арасында «пиар жасады» деген секілді әңгіме тарап кетті. Бірақ, ол пиар емес. Бүйрегімнің көлемі үлкейіп кеткен екен. Мұны мамандар «гидронефроза» деп атайды. Денсаулықты құрбан қылып пиар жасағаннан, тыныш жүрген абзал. Ол нәрсені адам басына келген кезде бірақ түсінеді. Анам «Балам, жұмыс деп жүре бермей, дәрігерлерге қарал» деп айтты.

Әдетте ауруханаға басымызға тигеннен кейін ғана қараламыз ғой. Қатты мән бермей жүре бердім. Түркияда екі күндей клиникада жүрдім. Артынша түсірілім алаңына кеттім. Бұл жерде қандай пиар бар екенін білмедім. «Шаш ал десе, бас алыпты» деген баяғы бітпес әңгімелер ғой. Алла сақтасын, бұл ешқандай пиар емес. Бірақ, бүйрегіме байланысты қаралғаным рас. Осы әңгімені таратқан адамдармен сөзге келіп, жаға ұстасуға дейін бардық. Артынан кешірім сұрады», – дейді Жігер Ауыпбаев.

Бүйректің ауырғаны да, Жігердің іске жарамай жатып қалғаны да – таза шындық. Брақ, әншінің Түркияға барып, екі қоянды бір оқпен атып келгені де рас.

 

Талқылау