Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалында жеңіліс тапты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Нави-Мумбай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалында сүрінді. 1/8 финалда әлемдік рейтингте 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатаны жеңген отандасымыз жартылай финалдық жолдаманы индонезиялық Приска Нугрохоға қарсы сарапқа салып, нәтижесінде 6:4, 6:4 есебімен Приска жеңіске жетті.
Айта кету керек, жұптық сында Жібек Құламбаева жартылай финалға шықты. Ол Шривалли Бхамидипатимен (Үндістан) бірге, Зила Десаи мен Рия Бхатияға (Үндістан) қарсы кездеседі.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

