AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жезөкшелер ордасына айналған": Сайрам ауданының тұрғындары қонақүйдің қызметіне шүйлікті

Түркістан облысы Сайрам ауданында бірнеше ауылдың тұрғындары жезөкшелер ордасына айналған қонақүйдің қызметіне шүйлікті. Олардың айтуынша, Ақбастау ауылындағы “Ақбастау” деп аталатын демалыс орны кәдімгі жын-ойнаққа айналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.  

Жеңіл жүрісті сылқымдар мен мастардың у-шуынан шаршаған ауылдағылар қонақүйге ондайларды жолатпасын деген талап қойды. Ал мейманхана қожайындарының өз уәжі бар.

Сайрам ауданындағы Ақбастау ауылындағы “Ақбастау” қонақүйі жолдың дәл бойында тұр. Тұрғындардың айтуына қарағанда, соңғы бірнеше жылда бұл жер жынойнаққа айналған. Демалыс орны ашылғаннан бері ішіп, шегіп алып жүретіндер көбейген. Ауылдың берекесін алған қонақүйдің мәселесін шешуге олар осында жиналды.

“Қызметін басқа мақсатта пайдаланып, жезөкше қыздарды жинап алып, кәмелетке толғаны бар, толмағаны бар, бәрін ластап, лас тірліктерін жүзеге асырып отыр.  Омырауын ашып темекі шегіп тұрады. Мүшеқабын шашып жатады. Бүгін жинап қойған ғой, бүгін мереке. Ұяты бар екен қайта, бір күнге демалыс беріпті. Демалмай ұра береді. Ыңқылдаған дауысы бар, басқасы бар, балаларымызға не деп айтарымды білмеймін”, – дейді Сайрам ауданының тұрғыны Мұхит Айтқұлов.

Бірнеше ауылдың жігіттері жиналып жатыр деген соң, мұнда полицейлер келіп алған екен. Тәртіп сақшылары болған соң ба, әйтеуір төбелес шыққан жоқ. Қонақүйді үнемі аңдып жүрген жігіттер жағы "қыздар бірде іште, бірде сыртта" дейді. Тіпті дәлел ретінде түсірген видеоларын береді. Расында шылымды бұрқыратқан сылқым саудаласып отыр. Бірақ бұл қонақүйге қатысым жоқ дейді. Ал қонақүй әкімшілігі кім кіріп жатса да, бәрібір сияқты.

Жиналғандар қонақүй жеңіл жүрістілердің ордасы дегенімен, ішке кіргенде жезөкшелерді таба алмадық. Оны жігіттер алдын ала естіп қуып жіберді деп есептейді. Тілшілер мен полициядан басқасын ішке кіргізгісі келмеген қонақүйдің басшылары мен тұрғындар тіпті жанжалдасып қалды.

Бұлқан-талқан ашуланған қонақүй қожайыны жезөкшелер тақырыбындағы әңгімеден шаршадым дейді. Ал келіп жатқан клиенттерді тексеру менің шаруам емес деп отыр.

“Ешқандай қыздар болған емес. Болды, әркім өзінің жұбымен кіреді. Мысалы, қонақүй болған соң біреу жолдан қалып кіреді. Біреу немесе екеуі кіреді. Оның несі жоқ. Ол жерде мен ақымақ емеспін жәлеп сататын. Кіре беріске де жазып қойғам, жәлеп жоқ деп”, – дейді қонақүй қожайыны Мейрамбек Ташимов.

Осыған дейін бұл қонақүйге тұрғындардан арыз түспеді деген полицейлер тексерісті енді бастаған екен. Бірақ аудандық тәртіп сақшыларына сенімсіздік танытқандар істі прокуратура бақылауға алсын деген талап қойды.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр