Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңгетай “Мама Роза” мен жезөкшелере қорған болған полковник кім? (фото)

«Мама Роза» деген лақап атпен танылған «жеңгетай» кім? Оның қылмысын жасырып, көмектесіп отырған полковник кім?

2013 жылдың шілде айында полицияның арнайы жасағы ұйымдасқан қылмыстың басшысын Алматы облысындағы қонақүйлердің бірінде ұстады, деп жазады Евразия бірінші арнасы.

Сезік алып есікті тарс бекіткендер бұйрыққа құлақ аспады. Сондықтан  арнайы жасақ есікті бұзып кіруге мәжбүр болды. Алматыға арнайы жасақты сабылтқан әйелдің көзінде қорқыныш жоқ. Еркін сөйлейді. Кінәсіз адамның кейпін танытып, өтірік көлгісуге әбден дағдыланыған.

Ольга Хамбулатова «Мама Роза» деген лақап атпен танылған. Жеңгетайлықпен айналысып, ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық еткені үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкешілікке тартылған. Түрмеден шыққан соң да ескі кәсібін қайта бастаған.

Ол қылмыстық әрекетін полицейлерден еш қорықпастан ашық түрде жүргізген.

«Караван газетіне жарнама беріп, телефон нөмірін көрсеткен», – дейді Алматы қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры Ермек Қашағанов.

Ольга Хамбулатованың жеңгетайлық қызметі 1997 жылдан басталған. Жеңіл жүрісті қыздардың басын қосып, жезөкшелік жолға салған Хамбулатова бір кездері жалғанды жалпағынан басқан. Несиеге Toyota land cruiser мен коттедж үй сатып алып оның ақшасын мерзімінен бұрын төлеп тастайды. Себебі арам жолмен айналысқан кәсібінің ізін жасыру керек болды.  Ол үш рет сотталып, мерзімінен бұрын шығып отырған. Айыбы жеңгетайлық кәсіп қанына cіңіп кеткен.

Оның қоластындағы жезөкшелердің жұмысы түнгі сағат 22:00-ден таңғы 05:00-ге дейін жалғасқан. Қыздар он күн сайын кеңсеге 30-40 мыңнан қалдырып отырған. Ал жеңгетайы олардың қауіпсіздігіне жауап берген.

Жезөкше қыздың бірінің айтуынша, олар жеңгетайына беретін ақшадан бөлек өздері айына 350-400 мың теңге табыс тауыпты.

Хамбулатованың жезөкшелерің бөлек, оларды әрі бері таситын 7-8 жүргізушісі де болған. Алайда бұл қылмысты құзырлы органдар әшкерелеген жоқ. Не көрмеді, не көргісі келмеді.

2013 жылы Хамбулатованың көлігінен рация, яғни, көшпелі тыңдау аппараты табылды. Бұл оның құқық қорғу органында тіреуі бар ма деген күдік ұялатты. Күдік шындыққа айналды. Жеңгетайдың өзі бұл жайлы ашық айтты.

«Серік Бегасилевке 4 мың доллардан беріп отырдық. Әр қыздан 100 доллардан жинадық», – дейді ол.

Серік Бегасилев ІІМ есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аймақтық басқарма бастығының бұрынғы орынбасары. Оған дейін Алмалы аудандық ІІБ орынбасары болған. Полиция полковнигі.

Ол жеңгетайға құқық қорғау органы тарапынан келетін қауіп қатерді алдын ала ескертіп отырған. Әрине, тегін емес. Бегасилевтің ай сайынға 4 мың доллар парадан бөлек қыздарды сенбілікке шақырып, көңіл көтергені анықталды.

«Қыздарды жібер, капитанға жібер, таңдау болмай жатыр, басқа қыздарды жібер» деген Бегасилевтің даусы таспада жазылып қалған.

«Бегасилевпен ағасы үшеуміз мейрамханада кездестік. Ол 2007 жылы өзін ұстап бермегені үшін алғыс айтты», – дейді жеңгетай.

Бегасилев оған алғыс ретінде көлік пен үй кілтін табыстаған. Үй жезөкшелердің жынойнағы үшін берілген.

Ал, досына адал болған жеңгетай кейіннен достығынан неге айныды? Ол неге полковникті ұстап берді? Оқиға былай болған.

2012 жылы желтоқсан айында полковник құзырлы орган тарапынан тексеру жүретінін айтқан. Егер 100 мың доллар берсе, бәрін өзі реттейтінін жеткізеді. Екеуі саудаласа келе 60 мың долларға келіседі. Алайда орган қызметкерлері бәрібір жеңгетайды қолға түсірді. Осыдан  соң жеңгетай шындықты жайып салып, ауыз жаласқан полковникті түрмеге ерте кетті.

Тағы да оқыңыз:

Сотталған жігіттің әйелі: Күйеуіме массың деп тиіскен полицейдің бірі көлік капотына мініп, терезені сындырды

Қарағанды облысының тұрғыны ақшадан тарыққандықтан діни ағымға кіруге бел байлаған

ШҚО-да орталықта тәрбиеленіп жатқан мүгедек жандар шаңырақ көтерді (фото)

Талқылау