Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Қазақстандық 27 жастағы жезөкше тікелей эфирде мұңын шағып, марқұм әжесін сағынып жүргенін айтты.

акппе

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Мұндай қадамға баруыма мені өмір итермеледі. Мені кішкентайымнан әжем мен атам тәрбиеледі. Атам менің бала кезімде, әжем 80 жасқа келіп қайтыс болды. Ол кезде шамамен 21 жаста едім. Осылайша жалғыз қалдым. Ал әке-шешемнің, тіпті, қайда екендерін де білмеймін. Мектепте оқуға мүмкіндігім де болмады. Өзіммен бірге туған бауырларымның бар-жоғын білмеймін. Зерттеген емеспін, зерттемеймін де.

Басында еден жудым, құрылыста қоқыс жинадым, басқа да әртүрлі жұмыс істедім. Кейін әлеуметтік желі арқылы қыздармен таныстым. Олар маған жұмыс ұсынды. «Жақсы киім аласың, ақшаң болады» деп айтты. Сол кезде қатты қиналып жүрдім. Қазір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осы жолда жүргеніме 5 жыл болды. Дұрыс жолда жүрмегенімді мойындаймын. Ол жұмысымды қазір тастай алмаймын. Мүмкін үлкен бір себеп керек болар. Далада тұрмаймын. «Клиенттер» таныстар арқылы табады. Темекі, ішімдікке әуес емеспін. Жүкті болдым. Бірақ, ол баланы алдырып тастадым. Себебі, кімнен екенін білмеймін. Жылулықты көрмегенмін. Ешкімге керек емес екенімді де білемін. Әжемді қатты сағынамын”, – дейді 27 жастағы Эля.

Психолог маман Эляның не себепті мұндай қадамға барғанына түсіністікпен қарайтынын жеткізіп, оны қорғап сөйледі. Ал Ләйлә Сұлтанқызы “Міндетті түрде біреуден немесе психолог маманның көмегі қажет” деген пікірмен келіспейтіндігін жеткізді.

“Кейіпкеріміздің жағдайын түсініп отырмын. Эля бала күнінен түрлі психологиялық травма алған. Адам тұлға ретінде қалыптаспаса, өмірінде дәл осындай проблемалар бола береді. Ал мына жерде адам өзінің проблемаларын шеше алмады. Себебі, одан қалай шығу керектігін білмейді”, – дейді Венера Тельжан.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Студент намазы мен жігітін тастауға мәжбүрлеген әпкелері туралы айтып жылады

Ильхам Ибрагим эфирде ешкімге айтпай түсік жасатқан оқушыны ұрысып тастады

Мектеп оқушысы өзін түсік тастауға мәжбүрлеген жігіт туралы айтып жылады

Қазақстандық келіншек тұрмыста болғанын бетіне басып қорлаған қайын жұрты туралы айтты

Талқылау