Жезқазғандағы Жыланды кенішінде жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалуда
"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС басшылығы өндірістік нысандары орналасқан аймақтардағы жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ерекше назар аударады. Бұған корпорацияның демеушілігімен Жыланды кенішінде 2021 жылы ашылған жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешеннің қолданысқа берілуі дәлел.
Әкімшілік-тұрмыстық кешен деп аталатын бұл ғимарат заманауи үлгіде салынған. Cыйымдылығы – 1200 адам. Мұнда жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Кешеннің айналасы толық абаттандырылып, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Айтпақшы әкімшілік-тұрмыстық кешендегі асхананың жөні бөлек. Cебебі кеншілердің жеті қат жер астында кен өндіруіне құнарлы тағам күш беретіні сөзсіз.
Асхана меңгерушісі Бақыт Түкенованың айтуынша, мұнда бір мезетте 250 адамға қызмет көрсетіледі. Жұмыскерлерді тамақтандыру бекітілген стандартқа сай жүргізіледі. Ас мәзірі сан алуан. Тағамның дайындалуы, құнарлығы, алынған азық-түлік өнімдерінің сапасы арнайы тексеруден өтеді.
Асханада көрсетілген қызмет сапасын бағалау үшін арнайы "Happy or not" деп аталатын құрылғы орнатылған. Сол арқылы ас мәзіріне, тіпті асхана қызметкерлерінің кеншілермен қарым-қатынасына да баға беруге болады. Сапаны бағалау құрылғысы кеншілерге жоғары дәрежеде қызмет көрсетуге жағдай жасайды.
Сөз басында айтқандай, ас мәзірі сан алуан. Түрлі ыстық тағамдардан бөлек, кеншілерге айран, ірімшік, тәтті бәліш, құрамы дәрумендерге бай салат ұсынылады. Жұма күндері және мерекелерде дастархан басына ұлттық тағам түрлері қойылады.
“Шахта астына түсетін кеншілерге тіскебасар беріледі. Ол арнайы қаптамаға салынады. Қаптамада нан, жартылай қақталған шұжық, ірімшік болады. Айта кетерлігі, асханадағы барлық өнім түрлері жергілікті тауар өндірушілерден және Астана, Қарағанды қалаларынан жеткізіледі. Сондай-ақ өзіміздің шағын кондитерлік цехта тәтті тоқаш пен нан пісіріледі. Наубайханашыларымыздың қолынан шыққан нан өнімдері дастарханның сәні деп айтуға толық негіз бар. Асхананың тазалығы да өз мойнымызда. Асханаға келушілердің жайлы ортада отырып, ас ішуіне тазалықтың да тікелей қатысы бар”, – деді Бақыт Әбдірахманқызы.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
