Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда мектеп оқушысы кешке өзін жайсыз сезініп, таңертең қайтыс болды. Дәрігерлер не айтады?

Жезқазған ауруханасында қыз қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, қыздан менингококк инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz басылымына сілтеп.

ауру
Желтоқсанның 4-і күні кешкі сағат бес шамасында қыз өзін жайсыз сезінген соң, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Келген дәрігерлер қыз аппендицит болып қалған деп ойлаған. Бірақ емханадағы дәрігерлер бұл диагнозды жоққа шығарып,қызды жұқпалы ауруханаға жатқызып, қауіпті ішек инфекциясын анықтаған.

Қабылдаған ем-дом шаралары көмектеспеген соң, баланың жағдайы нашарлап, таңғы сағат үште оны реанимацияға ауыстырған. Бірақ таңғы жетіде науқас қайтыс болды.

Әлеуметтік желілерде тағы бес оқушы осындай белгілері бар аурумен емханаға түскені туралы ақпарат таратылды. Осы ақпаратты жариялаған авторлар балалардың мектеп асханасында жеген самсадан уланғанын жазған. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында брифинг өткізді.

"Бізде тек алдын ала болжамдар ғана бар. Қызметтік тексеріс нәтижелері және сараптаманың соңғы қорытындылары кейінірек болады. Әзірге қыздың қаза табуының негізгі нұсқасы - қауіпті менингококтық инфекция, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гамаль Тоқсамбаев.

Оның пікірінше, тамақ аурудың себебі бола алмайды. Себебі сыртқы ортада бактериялар жарты сағат қана өмір сүре алады. Әкесінің айтуынша, қызы самса жеген соң, бастапқыда дәрігерлер  ішек инфекциясы болуы мүмкін деген қорытынды жасады дейді. Сондай ақ менингокок ауа арқылы беріледі, деп атап өтті ол.

Мүмкін болу нұсқасы бойынша, қыз ересектерден инфекцияны жұқтырған. Ал иммунитеті әлсіз бала ауруды тез қабылдап алған, деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Дәрігерлер аурудың тарау ошағын іздеп жатыр. Мұнда инфекцияны кімнің жұқтырып жүргенін дәрігерлер анықтай алмай отыр. Қызбен байланыста болған барлық аумақ: достары, туыстары толықтай бақылауға алынды. 

Сонымен қатар асханадағы аспаздарды тексеру жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бес балаға қауіпті ішек инфекциясы диагнозын қойды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға аман жеткен жолаушылар жолда бірнеше тәулік түнеген

Олардың кейбірі жолда бірнеше тәулік түнеген

Қостанай облысында қар астында қалған екі адамды құтқарды

Құтқарылған кезде ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық еді

Сегіз айлық нәресте аман: Алматы облысында кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды

Марқұмның анасы: Үйден кеткенде қызым сап-сау болған, дәрігерлер кінәлі

Қарағанды жолында ер адам көз жұмды

Департамент азаматтарға алыс қашықтыққа сапар шегуден бас тартуға кеңес берді

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

Ұшқыштың жағдайының күрт нашарлады

Уханьдағы қытайлық медбике шын мәнінде қанша адам ауруға шалдыққанын айтып берді

Сырқатты жұқтарғандардың саны 90 мыңға жетті дейді ол

Көздеріңізді уқаламаңыздар: Қытайлық коронавирусты жұқтырудың жаңа тәсілдері айтылды

Ресейлік маман: Құрғақ жөтел мен дене қызуы сырқаттың негізгі симптомдары

Алматы тұрғындары қаладағы коронавирусты жұқтырған адам жайлы хабар шошытты: Ресми ақпарат

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаның растығын жоққа шығарды

Алматы облысында ер азамат сырғанақтан сырғанаймын деп мерт болды

Ер адам баллоннан ұшып кеткен, салдарынан омыртқасы үш жерінен сынған

Алматы облысында Toyota Camry көліктерін айдап әкетумен айналысып жүрген азаматтарды қолға түсірді

Қылмыстық топ төрт азаматтан құралған
Çàãðóçêà...