Жезқазғанда екі жүк пойызы соқтығысты
Жезқазғанда екі жүк пойызы соқтығысты. Оқиғаның видеосы желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға мереке күндері "Tranco JEZZ" ЖШС кәсіпорнының жүк вагондарына қызмет көрсететін Комбинатская станциясында болды. Куәгерлер түсірген видеода руда тиелген пойыздар төмен жылдамдықта соғылғаны көрінеді.
Басылым авторлары пойыздың тежеу жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін айтады. Кейбіреулер станция қызметкерлерінің бағыт тілін аудара алмаған деп пікір білдірді.
Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі пойыздардың соқтығысуы кезінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті.
Қазақстандықтар пойызға отырғанда жеке куәлігін көрсетуге міндеттелмейтін болды
"Комбинатская станциясына келген 17 жүк тиелген жүк пойызымен соқтығысты. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", - деді Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі.