Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазған жылу орталығында бес қазандықтың үшеуі істен шыққан

Жезқазған жылу-электр орталығындағы 5 қазандықтың үшеуі істен шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жезқазған әкімдігі

Энергетика министрлігі Жезқазған жылу-электр орталығында (ЖЭО) қазандықтардың апатты түрде тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді. 

"Қазір ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градусқа төмен. Кеше кешке №4 қазандықта жарықшақ пайда болды. Ақау анықталған соң, қазандық өшіріліп, жөндеу жұмыстары басталды, қазандық бүгін (19 желтоқсан) сағат 20.00-де қайта іске қосылады", – делінген хабарламада.

Жылу орталығындағы апатқа қатысты қала әкімі де мәлімдеме жасады. 

"Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде. №6 қазандық бүгін сағат 10:15-те істен шықты, түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде", – деді қала әкімі Қайрат Шайжанов.

Қала әкімінің айтуынша, осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді. ЖЭО мамандары таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр.

Талқылау