Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа құрылған облыс әкімдігі 223 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Жезқазған қаласының әкімдігі 223 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қалада жылу желілерін қайта жаңғырту кезінде аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс прокурорлары Жезқазған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін тексерді.

"Тексеру қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері құрылысты 2021 жылы қабылдаған. Алайда жылу желілерін қайта жаңғыртуды алға тартып 223 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын негізсіз төлеткізген бағамен жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Басқаның сеніп тапсырған мүлкін ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне жүктелді.

Қылмыстық істі тергеудің барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынған.

Талқылау