AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеткіншектер арасындағы жәбір көргенін ата-анаға айту ұят саналады

Мектептегі әлімжеттік өткен аптада ең қызу талқыға түскен тақырыптың бірі болды. Біреулер балаларды жерден алып, жерге салса таяқтың бір ұшы әлгі бұзақылардың ата-аналарына тиді.

Жасөспірімдер арасындағы тентектікті, төбелесті, тобырлық, қауымдық қатынастарды еліміздегі еркек біткеннің барлығы бастан өткерді десек артық айтқандық емес. Жабылып ұрып кету, тиісу, құнды затын тартып алу бұрында болған, қазірде бар. Бірақ бір мәселе. Осыдан 10-20 жыл бұрын жоқшылықта, таршылықта өскендіктен орта сондай болды. Қазіргілерге не жорық? Әлде сол кер заманға қайта келе жатырмыз ба? деген сұрақ туындайды, деп хабарлайды Евразия.

Соңғы уақытта, әлеуметтік желінің беті осындай бір-бірінің үстіне секірген, тепкілеген видеоға толып кетті. Ең сорақысы, бұл ит төбелесте үлкен сынып былай тұрсын, 7-8 оқитын бала да жүр. Бала емес-ау, бәле ғой. Енді ше?! Жығып алғанның үстіне секіріп жатыр. Басы ма, басқасы ма, қарамайды. Мұндай айуандықтың картасы тым кең. Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда , Түркістан.

“Бейнематериалдағы бір оқушы біздің мектептен. Сабақтан қалмайтын, белсенді бала. Ол жақында ашылған «Адал ұрпақ» клубының мүшесі және «Адал жол» клубына қатысқан”, – дейді Абай атындағы мектеп директоры Шынар Тілебергенова.

“Адал ұрпақ” клубының мүшесі мына оқиғаның басты “геройларының” бірі болып жүрсе, клубтың мүшесі еместерінен не күтуге болады? Жә, байқайсыз ба? Біз ұйымдарға дардай ат береді екенбіз де, бірақ ісі дардай болмай жатады, сол. Сосын, әлгі адам басына секіргіш оқушылардың мектебінің атауын қараңыз  Абай! Әне біреуі Талғат Бигелдиновте оқиды… Сонда біз мектептерімізге  аяулы тұлғаларымыздың есімін береміз де, бірақ сол мектептің ішіндегілерге ұлы тұлғалардың не айтып кеткенін айтпаймыз. Иә, тәрбие сағаты, сабағы дегендер бар. Бірақ, ол сабақ тәрбиеге үйретіп жатыр ма? Жетекші оқушыларын жинап алып, өткен-кеткенді айтар, ары кетсе бата жаттатады. Осы біздің беретін тәрбиеміз… Ал нәтиже  мынау…

Бандиттік романтика, көше төбелесі, біреуге әлімжеттік жасау жабайы тоқсандармен келмеске кетсе деп тілеп едік. Бірақ, кетпепті. Қайта құтырып тұр. Әке-шеше көрмеген дейін десең, олай емес. Кәдімгі мектепке барып жүргендер,  жағдайсыз, күйсіз дейін десең, киімдері түзу. Кімге еліктейді екен, қайдан шығып жатыр?

“Бұл білім саласының әбден тұңғиыққа тірелгені. Тәрбиесіз білім білім емес. Екеуі қатар болмаған жағдайда балалар балаларды емес, мұғалімді сабайтын болады. Соның бәрін көрсетіп отырмыз”, – деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.

Мектептерде қара-күш культін бұзу үшін не істеуге болады? Қара-күшті құдай қылған қоғамда ақылды бала  өзіне тиесілі мәртебеге ие бола ала ма?

“Қазақтағы мақал бар ғой. Білекті бірді жығар? Білімді мыңды жығар деген. Соның іс, реали көрінісі өкінішке қарай көрінбей жатыр. Мектептерді қарап отырсаңыз, клан-кланға бөліну бар. Жақсы оқитындар бөлек, жаман оқитындар бөлек, деген сияқты. Жақсы оқитындар санаулы-ақ. Олар олимпиадаға барады, жарыстарға қатысады. Бірақ, мектеп ішіндегі көпшілік бар ғой. Солардың арасында беделі бола бермейді. Беделі болмайтын себебі білімнің культі жоқ. Білімнің беделі жоқ”, – дейді блогер, кинорежиссер Жандос Құсайын.

Біз роботехниканы, нанотехнологияны дамытқымыз келеді. Бірақ, оны жасайтын ініңе, балаңа күштілеу біреу үстіне секірсе, қайдағы роботехника?!

“Біз қолымыздағы үлкен ресурсты қазір сусап түсіп жатыр. Жасөспірім ол ресурс қой. Оның арасында түрлі генилер бар. Ғалымдар шығуы мүмкін. Осылардың барлығы біздің, құзырлы органдардың қателіктерінен, бәлкім әрекетсіздіктен қолымыздан сусып жатқан секілді. Абай айтқандай, қолымызды мезгілінен кеш сермедімнің нағыз мысалы ертеңдері тіпті көрінуі мүмкін. Қазір болып жатқандар айналайын болуы мүмкін. Қазірдің өзінде жаман. Екі күннің бірінде әртүрлі мектептерде қиын-қиын мәселелер болып жатыр. Ал біз анау орталықта 233 миллион теңгенің форумын жасап, бәрі жақсы, бәрі керемет деп, Елбасын алдап отырмыз. Ал шаруа басқаша болып жатыр”, – дейді Жандос Құсайын.

Әлеуметтік желі бұзып жатыр дейміз ғой. Бірақ, соның бар болғаны жақсы болып тұр. Әйтпесе балаларымызға осындай аюандардың секіріп жүргенін білмей кетер ме ек? Иә, айтпайды. Әлгі по понятием бойынша, нақақ жәбір көрсең де, айтуға болмайды.

“Ертең кешке дейін 15 мың теңге тап деді. Ол қайдан табады? Үйіне кірмейді.. Неге маған айтпадың? Айтсам, қатын дейді. Мен де басында мамаларға айтуға қорықтым”.

Кез-келген зұлымдық тоқтатылуы үшін ағасына, мұғаліміне айтылуы керек. Бұл ешқандай да ұят, сатқындық емес. Сонда барып зұлымдықтың алды алынған болады,-дейтіндер бар…

“Әлімжеттік жасырын қалмауы керек. Әлімжеттік жасырын қалса, зұлымдық жалғаса береді, бетеріне апарады. Сол үшін бұл мәселелер үлкенге айтылуы керек. Және бұның алдын дер кезінде алу керек”, – дейді “Әзірет сұлтан” мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет.

Жәбір көрсең де үлкендерге айтпау дегенді әлгі бәлелер әдейі насихаттайды. Сөйтіп, жауыздықтың жазаланбай, жалғаса беруін тілейді. Бұл дұрыс емес! Бүйтсек әлімжеттікке көмек берген боламыз,-дейді ғой, дін мамандары. Айтпақшы, «по понтием» жүргіштерге алтын сырға. Түрменің заңымен еркін өмірде не істеп жүрсің? Түрменің заңы  түрмеде жүреді.

“Ата-аналарды, оқу орындарының ұстаздарын жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында балаларға қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жеткендігі туралы алдын ала ескертіп, ойланбай істелген әрекеттің соңы неге әкеп соғатын айтуға шақырамыз. Мектеп жылдарында аңдамай жасалған әрекеттің соңы жасөспірімнің бүкіл өміріне таңба түсіруі мүмкін”, – дейді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментіің директоры Алмас Сәдубаев.

Әрбір адам басын жоғары көтеріп, еркін азамат сезінуі үшін қарулы төбелес пен түрме заңдарын үйренуге өмірін ысырап қылуға мәжбүр болса, ол ел ортағасырдың құрдымында қала береді. Бұл анық. Не істеу керек?!

“Баланың бос уақыты көбейген сайын, түрлі жаман ой, әрекеттерге мүмкіндігі молаяды. Бос уақыты болмау керек екен деп, балаға кешке дейін сабақ оқыту емес, оқушыға өзі қызығатын клуб, үйірмелерге мүмкіндік беру керек. Уақытын сондай жақсы нәрсеге ұрлату керек. Сонда, әлімжеттік көрмейді, көрсетпейді”, – дейді бұрынғы мұғалім, журналист Бауыржан Қарипов.

Баланың бос уақытын қалдырмай, бойындағы буырқанған энергияны пайдаға бұрып жіберу жақсы тәсіл. Сосын, тарихи сананы да реттеу керек. Әйтпесе, бергі жағындағы  мұғалім қадағаламай жатыр, әке-шеше дұрыс үйретпеді немесе кинодан көргені, ютубтан әр нәрсені көріп азғындауы деген сылтау мен себептер таусылмайды. Бірінші кезекте түпкі себепке үңілу керек.

“Район-районға бөлініп төбелесу, әлімжеттік  Советтік сарқыншақ. Біле білсеңіз, әлімжеттік кәдімгі ғылыми түрде, есептеп отырып сіңірген болатын. Соның себебінен әр ауылға барғанда: – Сен мынамен шығасың ба? 1-атаман кім деп, мектеп, аулаға әлімжеттік таратылды. Мұның барлығы Кремльден басқарылып отырған. Сол зұлымдықтың әлі күнге инерциясы жойылмай, кәдімгі тарихи санамыз боп қалды”, – дейді “Бүркіт” патриоттық клубыың жетекшісі Серік Сағиев.

Қысқасы, Кеңес жүйесі шаптап кеткен қасіретті санадан құтылу үшін өзіміздің дәстүрлі  нағашы-жиен. Қыздың баласын ұруға болмайды, бір жас үлкен болса да, аға деп сыйлау. Ініні жұмсаса арланбау деген сияқты, қаншама біздің өзара қарым-қатынасымызды түзейтін дәстүрлерді тірілтуіміз керек, насихаттауымыз керек. Сол құндылықтарға оралғанда ғана мынау қаңсық тірлік қалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр