Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шіріп жатырмыз": Жетісу жұрты қант зауытының қалдығына тұншығып отыр

Жетісу облысындағы Жансүгіров ауылының тұрғындары қант зауытынан шыққан қалдықтың иісі қолқаны қапты деп шағымданып отыр. Күн ысыған сайын далада шіріп жатқан қант қызылшасынан адамдардың денесі бөртіп кеткен. Онысын дәрімен басуға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Зауыттан қалған қалдықты кәсіпорын жинауға асықпайтын көрінеді.

“Зардапшегіп отырмыз. Аллергия беріп жатыр. Түн ұйқымыз төрт бөлінді. Супрастин ішіп отырмыз. Күн ысыған сайын жағымсыз иіс шығады, шыбын пайда болады. Мұнда шіріп жатырмыз”, – дейді Жансүгіров ауылының тұрғыны Расхан Сейтбатқалова.

Кәсіпорын бір төбе болып жиналған қант қызылшасын жойып үлгермеген. Тұрғындар жауаптылардың құрғақ уәдеге тойдырмай, шұғыл әрекет етуін талап етіп отыр. 

“Біз Egov.kz арқылы облыстық экология департаментіне, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және әкімдікке ресми сұрау жібердік. Әкімдік ауа райының күрт жылып кетуіне байланысты қалдықты шығарып үлгермедік деп жауап берді. Қаншама тонна шіріп кетті. Айтуларынша дизинфекция жасауды ұсынған”, – дейді Данияр Бейісқали.


"600 мың тонна өнім ысырап": Жамбыл облысында шаруалар ала жаздай еккен қант қызылшасын қайда тапсырарын білмейді


Ақсу қант зауыты жылына 500 тоннаға жуық қант қызылшасын өңдеп, 65 мың тонна қант шығарады. Бірақ бұл жолы егіннің жартысынан көбі өңделмей қалды. Оларды жергілікті халыққа тегін таратып та берген. 

“Қазір утилизация жасап жатырмыз. Зауытта жөндеу жұмыстары жүреді. Шара қолданып жатырмыз. Бәрін қайта өңдеу үшін бізге уақыт керек. Бірақ биыл бізге Алматы, Жамбыл және Жетісу облысынан 449 мың тонна қызылша келді”, – дейді Ақсу қант зауытының басшысы Самат Нәдірбаев.

Басшылық үйіндіні екі апта ішінде шығарып тастауға уәде берді. 

Бұған дейін жамбылдық фермерлер жиналған қызылшаны өңірлерге тарата алмай әлек болған еді. 

Талқылау