Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ұсталды

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов ақпаратты растады. 

"Оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", –  деді ол. 

Сонымен қатар ол біраздан соң толық ақпараттың жарияланатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Ізбасаров 2022 жылдың тамыз айында Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 19 Шілде, 2023 16:38
Талқылау