Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бюджет қаржысын жымқырған Жетісу облысы спорт басқармасының экс-басшысы айыппұлмен құтылып кетті

Талдықорған қалалық сотының үкімімен Жетісу облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Алмат Үшкемпіров бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот мәліметіне сүйенсек, Жетісу облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы өзінің қол астында қызмет еткен әріптесімен бірігіп, ақша жымқыру үшін жоспар құрған. 

Кейін қызметтесін спорт мектептерінің біріне жұмысқа жіберген. 

Осылайша сотталушылар спортшыларға арналған оқу-жаттығу өткіземіз деп мектеп бюджетінен 1 миллион теңгеден аса ақша бөлгізген. Нәтижесінде оның 900 мың теңгесін Алмат Үшкемпіров өз қалтасына басқан. 

Сот барысында Жетісу облысының бұрынғы басшысы кінәсін толықтай мойындап, жымқырған бюджет қаржысын толықтай қайтарып берді. 

Нәтижесінде сот оны кінәлі деп таныды. Оған 11 миллион теңгеден астам айыппұл тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды. Ал оған жәрдемдескен әріптесі кінәсіз деп танылып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. 

Талқылау