Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сатып алу және шарт жасасу тәсілдерін қолданбаған: Жетісу облысында шенеуніктерге 14 млн теңге айыппұл салынды

Панфилов ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ережелерін қолданбай тауарлар мен қызметтерді бұзушылықпен сатып алғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, "Арай" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тек жүкқұжат бойынша 1,9 млн теңгеге шаруашылық тауарларын сатып алған. 

"Олар сатып алу және шарт жасасу тәсілдерін қолданбай жалпы сомасы 4,5 млн теңгеге тауарлар, жұмыс пен қызметтер сатып алған барлығы 10 мемлекеттік мекемені анықтады. Мұндай әрекеттер әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру қағидатын бұзды ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 4-бабы) және бірқатар бизнес субъектілерінің құқықтарын шектеуге әкелді", - дейді облыстық прокуратура өкілдері. 

"Арай" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Заңсыз әрекеттері үшін мекеме басшылары прокуратураның қадағалау актісі бойынша ӘҚБтК-нің 163-бабы 3-бөлігі (жосықсыз бәсекелестік) бойынша жалпы сомасы 14,4 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Егер заң бұзушылықтар қайталанса, шенеутіктердің орындарын босатуына тура келеді.

Талқылау