Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында полицей 24 млн теңгенің заттай айғағын ұрлап, жеті жыл бойы іздеуде болған

Жетісу облысында полицей 24 миллион теңгенің заттай айғағын ұрлап, жеті жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады. 2017 жылдың наурыз айында бір топ адам ұрлық фактісі бойынша 24 миллион теңге көлеміндегі заттай айғақтарды ұрлаған, полиция қызметкері осы қылмысты жасағаннан кейін жеті жыл бойы халықаралық іздеуде болған", – делінген хабарламада.


Полицейлер фармацевтикалық ұнтақты есірткі деп ойлап, ер адамды түрмеге қамаған


Полицейдің сыбайластары түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

"Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану” бойынша кінәлі деп танып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, Талдықорған қалалық полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деп айыпталып, 11 жылға сотталған еді. Кейін Күштібаевқа қатысты тағы бір іс қозғалғаны белгілі болды. 

Талқылау