Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар дабыл қағуда: Жетісу облысындағы өзен жағасы адам шошырлық күйге түскен (видео)

Алакөл мен Сарқан ауданының шекарасында орналасқан Лепсі өзені қоқыс полигонына айналған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай туристтік маусым басталғалы бері орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото: видеодан алынған

Су қоймасы айдынды Алакөл көліне барар жолда орналасқан. Бұл жерге демалушылар бой сергітіп, суретке түсуге тоқтайды. Көптеген жылдар бойы көрнекті орынға айналған өзен соңғы уақытта қоқыс полигонына айналып барады. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өзен маңынан жануарлардың сүйектеріне дейін жатыр. Әкімдіктегілер аумақты тазартуға асығар емес.

"Алакөлге маусым ашылғалы осындай жағдай жаз сайын қайталанады. Адамдар мәдениет дегенді ұмыта бастады. Тап-таза өзенге, оның маңына қалай ғана қоқысты толтырып тастауға болады? Табиғатты аялау қажет. Жыл сайын экология құртылып барады" - дейді ақсақал Өмірқұл Байтасов.

Сарқан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір өзен бойында қоқыс жинау жұмыстары жүргізілуде. Шенділер тазалық жұмыстары аяқталғаннан кейін фотосуреттер жіберуге уәде берді.

Талқылау