Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысында ауыр жүк көліктерін тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жетісу облысы прокуратурасының көмегімен Жетісу облысы арқылы Алматы – Өскемен тас жолының бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен тауарларды ұрлаумен айналысқан қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 10 шілдеде алты адамнан тұратын топ ұсталды. Олар жүйелі түрде жүк көліктерден аса ірі көлемде түрлі тауарларды ұрлаған. 

"Қылмыскерлердің бір схема бойынша әрекет еткені анықталды: олар түнде тас жолға шығып, фураның артында жүріп келе жатып, трассада жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдаған. Өз көліктерінің шамдарын алдын ала сөндіріп, көліктің шағылысатын элементтерін жапсырып қоюға тырысқан. Қарақшылар жүк көлігіне жақындап, ілгегі бар арнайы жасалған баспалдақтың көмегімен жүк көлігінің төбесіне көтерілген. Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің жоғарғы бөлігін кесіп, біреуі фураның ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырды. Оның барлығы жол жиегіне лақтырылған. Біраз уақыттан кейін, сыбайластары ГАЗель автокөлігімен тауарларды жинауға кіріскен. Ұрланған заттарды сатуға Алматы қаласындағы таныстары көмектескен. Қазіргі уақытта бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Әбдікенов.

Оларды ұстау кезінде Жетісу, Алматы облысының және Алматы қаласының аумағында 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Қылмыстық топ жасаған ұрлық) бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазір күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер басқа зардап шеккен адамдарды анықтау және ұсталғандардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 19 Шілде, 2023 19:02
Талқылау