Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Жетісу облысындағы Үшарал-Достық тас жолында үш адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Kia Soul автокөлігі Үшарал-Достық тас жолының 55 шақырымында Toyota Camry-мен соқтығысқан.

46 жастағы әйел Kia-ны басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota-мен соқтығысқан.

Оқиға орнында Toyota көлігінің үш жолаушысы мерт болды. Екі көліктің де жүргізушісі және үш бала ауруханаға жатқызылды.

Талқылау