Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Жетісу облысында жол апаты орын алып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жол апаты 24 қыркүйек күні таңертең Сарқан ауданы Алмалы ауылының маңында Toyota Hilux автокөлігімен орын болды.
Автокөлік тізгінінде 38 жастағы ер адам болған, ол Алматы – Өскемен автожолының 427-шақырымында көлікті басқара алмай оның аударылып кетуіне жол берген.
“Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамаларды тағайындаумен аталған ЖКО ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілуде”, – делінген ПД мәлімдемесінде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”