Басты жаңалықтар
Жетісу облысында жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды
Жетісу облысының Панфилов ауданында 4 маусым күні жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы қыз Ербосын Айзеренің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәмелетке толмаған баланың мәйіті 6 маусымда Әулиеағаш ауылынан екі-үш шақырым жерде Бурақожыр өзенінің арнасынан табылды, зорлық белгілері жоқ. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, жасөспірімнің өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шараларына облыстық департамент қызметкерлері, әскерилер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен еріктілер де (200-ден астам адам) жұмылдырылды.
Іздеудегі қызға қатысты бағыт жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберіліп, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.
Облыс полицейлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған