Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жартылай ғана жасалған кіреберіс жол тұрғындар ашуын келтірді (видео)

Жетісу облысында Кербұлақ ауданындағы Қосағаш ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Осыдан бір жыл бұрын басталған жол құрылысын, мердігер компания жартылай ғана аяқтап тастап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан кадр 

Ауылға кіреберістегі жолды 2022 жылдың маусымда бастаған. Ұзақ жылдар бойы жөндеуді күткен тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Асфальтті жартылай ғана төсеген мердігерлер, ақшасын алып ауылдан біржолата кеткен. 

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Stan.kz тілшісі Кербұлақ ауданы әкімі Қанат Есболатовпее хабарласты. Оның айтуынша, әкімшілік мердігерлерді сотқа берген.

"Соттың шешімі бойынша "Жигули" ЖШС-і кіреберіс жолды аяқтауға міндеті болып шешілді. Алайда олар банкрот болғандықтан, қазіргі таңда біз мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жариялап, жаңа мердігерді анықтаймыз. Халық дұрыс түсіну керек, бұрынғы компанияға біз 41 миллион теңгелерін төледік. Ол тек жасаған жұмыстары ғана үшін қаржы. Бөлінген 85 миллионның 44-і біздің есепте тұр. Сол қаржыға жолдың қалған бөліктерін жасаймыз" - деді Қанат Есболатов. 

Жоспар бойынша Қосағаш ауылына кіреберіс жолды 2023 жылдың қыркүйек айында қолданысқа тапсырады.

Талқылау